Цифрлық технологияларға – кең қолданыс

«Цифрлық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы» «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қоғамдық тыңдаулары болып өтті. Мемлекеттік органдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармаларының басшылары, барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары мен үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысқан алқалы жиынды «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов ашып, жүргізіп отырды.

– Бүгінгі кездесуіміздің басты себебі – Ақмола облысында «Цифрлық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың басшыларының мемлекеттік есептерін тыңдау, – деді Ғалым Мәдешұлы.
Тәуелсіздік жылдарында біздің еліміз әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуіне қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстанның алдында елдің жаңа инновациялық дамуы мен технологиялық жаңаруын жылдамдату арқылы 30 елдің қатарына қосылу міндеті тұр. Сондықтан, 2017 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыртуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында Қазақстан халқының алдында тұрған тарихи мәселе – төртінші өнеркәсіптік революция – оның негізі цифрландыру болып табылады. Елбасы «Цифрлық Қазақстан» жаңа мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу туралы Жолдауында технологиялық жаңғыртуды жүргізу және елдегі сапалы жаңа цифрлы индустрияны құру міндетін алға қойғаны баршамызға белгілі.
Сондықтан да, партияның қоғамдық тыңдауында осы салаға жауапты Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева, Ақмола облыстық әкімшілігі аппараты жанындағы «Ақылды Ақмола» ҚМУ жетекшісі Ғалымжан Бежентаев, «Қазақстандық инновациялар» қоғамдық қорының төрайымы Мәриям Әбішева сынды бірқатар мемлекеттік мекемелердің басшылары сөз сөйлеп, өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Қазақстан жаңа сандық дәуірге аяқ басты. Біз бәріміз тез өзгеру дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Цифрлық революция негізгі фактор болып табылады. Барлық жаһандық деректердің 90 пайызы соңғы екі жылда жасалды. Әлемдік деректердің 99 пайызы қазірдің өзінде цифрланған. Бүкіл әлем бойынша 35 миллиардтық құрылғы күн сайын деректерді шығарады. Бұл әлем халқының жалпы санынан бес есе жоғары көрсеткіш.
Ғалым Бекмағамбетов өз сөзінде: – Елімізді жаңғыртудың маңызды элементі – цифрландыру. Сондықтан, біздің өміріміздің барлық салаларын цифрландыру – ол кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін және халыққа көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру болып отыр. Өздеріңіз білетіндей, «Нұр Отан» партиясы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға белсенді түрде қатысып, осы бағытта бірнеше нақты жобаларды жүзеге асыруда. Олардың барлығы халықтың базалық цифрлық дағдыларын және ІТ мамандарын оқыту арқылы цифрлық ортаны дамытуға бағытталған.
Елімізде, оның ішінде ауылдық жерлерде біз 100-ден астам IT-сыныптарын аштық, онда балаларға бағдарламалау негіздері, робототехника, 3D-модельдеу және біздің еліміз үшін өте перспективалы болатын басқа салалар оқытылады. Жыл соңына дейін 250-ге жуық сыныпты ашуды жоспарлап отырмыз. Ал, үш жыл ішінде кемінде 1000 IT-сынып ашылатын болады. Тағы бір жоба – IT-орталықтарының ашылуы. Бұл орталық екі мәселені шешуге бағытталған: алдымен сандық сауаттылықты жақсарту және бағдарламалау негіздерін оқыту. Барлық осы және басқа да партиялық жобалар бүгінгі күні халықтың және экономиканың қажеттіліктеріне бағдарланып отыр.
Ақмола облысы IT-сыныптардың ашылуында көшбасшылардың бірі болып табылады. Егер Қазақстан бойынша мұндай 780-ге жуық сабақтар ашылса, олардың 62-сі Ақмола облысында жұмыс істейді.
Бұдан басқа, облыстағы әр мектепте IT-сыныпты және роботты сыныпты ашу жоспарланып отыр. Бұл – жаңа технологияларды дамыту бойынша үлкен жоба. Бүгінгі күні осында оқыған балалар енді бір 5-10 жылда барлығы болмағанмен, біразы бағдарламашылар, робототехника және ІТ мамандары болып шығатыны сөзсіз. Сонда біз Қазақстанның экономикалық дамуы тұрғысынан үлкен серпіліс жасайтын боламыз, – деп нық сеніммен айтты.
Өйткені, оған нақты мысал да жоқ емес. Айталық, Көкшетау қаласындағы «Білім Инновациялық лицейі» мектебінің оқушысы Бекхан Шүкіров республикалық бағдарламалау олимпиадасында жүлделі 1 орынды иеленді. Оның республика бойынша 5000 қатысушының арасынан жеңіске жетуі біз үшін үлкен мақтаныш.
Партияның барлық жаңа жобалары ақпараттық технологияларды дамыту және енгізу, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, шағын және орта бизнесті қолдау, білім беру, сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға бағытталған. Сондай-ақ, жаңа партиялық жобалар шағын және орта бизнесті қолдау саласындағы бірқатар мәселелерді шешуге арналған.
Бүгінгі таңда бізге ұнай ма, жоқ па, сандық технология-ларды дамыту ХХІ ғасырдың басты үрдісі болып табылады. Партияның қоғамдық тыңдауында: «Енді бір аз ғана уақыттан соң, барлық даму тек цифрлық технологиямен басқарылатынын жеткізе отырып, соған қазіргі күннен бейім болуымыз керек екенін баса айтты. Өйткені, олар барлық жерде – ауыл шаруашылығында, индустрияда, қызметтерде, үкіметте, үкіметтік емес ұйымдарда көз ілеспес жылдамдықпен еніп кететінін жанашырлықпен жеткізді. Егер біз қалыпты дамыған болсақ, онда цифрлық технологияларды дамытуымыз керек, осы технологияларды иемденетін персоналды дайындаймыз, осы салада кейбір стартаптарды құра аламыз. Сондықтан, цифрлық технологияларды дамытуға баса назар аударуымыз керек», – деп сөзін түйіндеді модератор Ғалым Мәдешұлы.
Осылайша айтулы жиында келелі әңгіме қозғалып, ұсыныстар тыңдалып, жақсы пікір алмасылып, қатысушылар да белсенділік танытты.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар