Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар! Біздің еліміздің ең бас-ты ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын пейілді құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Халқымыздың тарихи таңдауының және Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың орасан зор еңбегінің арқасында өзінің еркін дамуының жиырма жеті жылында Қазақстан мықты, экономикалық табысты мемлекет құруда алға аршынды қадам жасады.
Қазақстандық жолды әлемдік қауымдастық та мойындап отыр. Бүгінгі таңда бізде одан әрі дамудың нақты стратегиялық жоспары бар. Біздің бәріміз белсенді құрылысшылар ретінде маңызды міндетті орындап, бәсекеге қабілетті гүлденген елдің шоқтығын биіктетудеміз. Тұрақтылық, ынтымақ-бірлік, еңбексүйгіштік пен өз мемлекетімізге пайда әкелу ұмтылысы табыстың негізгі өлшемі болып табылады. Біздің Отанымыздың игілігі жолындағы, тарих және болашақ ұрпақтар үшін алда тұрған міндеттерге қол жеткізу тұрғысындағы биік мұраттарымызға осы бір жарқын мереке қашан болсын күш-жігер мен сенім берсін. Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, мол бақыт және өмірдің бар жақсылығын тілеймін!

 

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді еліміздің ең басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Біздің қоғамда қалыптасқан ауызбіршілік, бейбітшілік пен келісімнің арқасында өңіріміз қарыштап дамып келеді. Ең алдымен халықтың жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалуда. Мемлекетіміз қол жеткізген жетістікте ақмолалықтардың да үлесі зор. Облысымыздың экономикасы дамып, әлеуметтік проблемалар оң шешімдерін табуда. Сол арқылы ішкі са-яси тұрақтылық нығайып келеді. Елбасының келесі жылды «Жастар жылы» деп атауы аса маңызды болып отыр. Бүгін еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі, ардагерлердің даналығы мен құнды тәжірибесі арқылы жасалған игіліктер жас ұрпақтың қолында. Осындай жастарымыз барда келешегіміз кемел болары анық. Бірлік пен тыныштық сияқты жалпы азаматтық құндылықтарды сақтап, еліміздің болашағы үшін аға ұрпақтың жинаған мұрасын біз арттыра аламыз.
Бүгінгі мереке Отанымыз, келер ұрпақ және тарих игілігі үшін мақсаттарға жетуге әрқашан күш-қуат пен сенімділік беріп, мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен аймағымыздың серпінді дамуы сіздердің жетістіктеріңіз бен гүлденулеріңіздің сенімді кепілі болсын!
Бастауларыңызға табыс, дендеріңізге саулық тілеймін! Елімізде бейбітшілік пен гүлдену, әр үйде татулық пен амандық орнасын!

Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар