Басты мақсат – туберкулез ауруын болдырмау

Туберкулез бүкіл әлемде маңызды проблема болып қалуда. Соның ішінде Еуразия аймағында бұрынғысынша жұқпалы аурулардан болатын өлім-жітімнің басты себептерінің бірін құрайды. Елімізде қабылданған бағдарламалар, Үкімет қаулылары, салалық нормативтік құжаттар, кешенді жоспарлар, мемлекеттік органдар мен ведомстволардың өзара іс-қимылы, үкіметтік емес ұйымдардың ат салысуы соңғы он жылда халыққа туберкулезге қарсы көмек көрсетуде айтарлықтай табыстарға қол жеткізді.

2008 жылы Ақмола облысы республикада осы ауру ең көп байқалатын және жұқпасы көп тарайтын аймақтардың бірі болатын. 2011 жылдан бастап Жаһандық қор жобасының шеңберінде дәрі-дәрмектің төзімділігін дер мезгілінде анықтау және соған сай ем тағайындау басты назарға алынып, туберкулезге қарсы бағдарламаның негізгі бағытының біріне айналды. Сөйтіп, туберкулезді жедел диагностикалаудың осы заманғы әдістері енгізілді. Мұның өзі туберкулезді анықтау мерзімін үш айдан екі сағатқа дейін азайтты.
2012 жылдан бастап облыста туберкулезбен ауыратын науқастарды амбулаторлық емдеу жөнінде пилоттық жоба іске асырылып келеді. Амбулаторлық жағдайда емдеудің басты артықшылығы, туберкулездің дәріге төзімді штаммаларымен аурухана ішінде осы сырқатты жұқтырудың жолы кесілді. Науқастарды емдеу үшін неғұрлым психологиялық жайлы жағдай қалыптастырылды.
Жобаның нәтижелері амбулаторлық емдеудің тиімділігін көрсетіп отыр. Атап айтқанда, пациенттердің емдеуден қол үзу мөлшері 0,8 пайызға дейін күрт азайды, емдеу тиімділігі Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы ұсынатын көрсеткіш – 85 пайыздан жоғарылай түсті, соның ішінде балалар мен жасөспірімдерді емдеуде де осындай нәтижелерге қол жетті. Осы көрсеткіштерге жету үшін бүкіл қоғамның, мемлекеттік органдар мен ведомстволардың, бизнес құрылымдары мен қоғамдық ұйымдардың сектораралық өзара келісілген күш-жігері қамтамасыз етілді.
Сектораралық өзара іс-қимылдың ұзақ мерзімді міндеті денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қолдау салаларында кезең-кезеңімен мемлекеттік саясатты интеграциялау болып табылады. Мұның бәрі ортақ мақсаттарды, міндеттер мен нәтижелілік индикаторын көздей отырып іске асырылуда. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының ұсыныстары бойынша туберкулезбен күрес шаралары облыста бастапқы медициналық-санитарлық көмек жүйесіне кіріктірілген.
2018 жылдың ішінде барлық аудандар, Көкшетау, Степногорск қалалары, қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мекемелері және медициналық-әлеуметтік мекемелер мониторингтік шаралармен қамтылды. Жұмыс қорытындылары бойынша ұсыныстар, әкімдіктерге, басқармаларға тиісті ақпараттар берілді. 19 өңірдің әкімдіктері жанынан үйлестіру кеңестерінің мәжілістері өткізіліп, барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволар қатысып, есеп берді. Облыстық туберкулез диспансерінің ұсынысы бойынша 16 ауданның әкімдері туберкулез мәселесі бойынша, атап айтқанда, флюорографиялық тексеріс пен балаларды сауықтыру міндеттерін орындау жөнінен өкімдер қабылдады. Енді облыста осы бір қатерлі дерттің алдын алуда және оған қарсы күресте бүгінге дейін қол жеткен жетістіктерді сала-сала бойынша саралап өтсек дейміз.
1. Жергілікті атқару органдарымен бірлесіп, әлеуметтік қорғау органдары арқылы атқарылған жұмыстар.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-ІV «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 18 тарауына сәйкес жергілікті атқару органдарының міндетіне туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ, емдеу курсы біткеннен кейін арнайы туберкулезге қарсы медициналық ұйымдардан емделіп шыққан науқастардың жұмысқа орналасуына және тұрмыстық жағдайларының шешілуіне көмек көрсету кіреді. Туберкулезбен ауыратындарға әлеуметтік көмек көрсету деңгейі жыл сайын артып, 2008 жылғы 21,3 миллион теңгеден 2017 жылғы 59,9 миллион теңгеге дейін өсіп отыр.
Сонымен бірге, көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшері мен реттілігі пациенттің қажеттерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан, республиканың басқа аймақтарының мысалында әлеуметтік көмектің реттілігін ұлғайту қажет. Үкіметтік емес ұйымдарды қатыстыра отырып, туберкулезге қарсы шаралар өткізуге мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстарды орналастыру үшін қаржы бөлінуі тиіс.
2. Білім беру мекемелерімен бірлесіп іске асырылған шаралар.
Жыл сайын «Жұлдыз» мектеп-интернатында 650, «Арай» санаторийінде 300, мектеп жасына дейінгі білім мекемелерінің жанындағы санаторлық топтарда 750 бала сауықтырылып отырады. 500-ден астам мектеп оқушысы химиопрофилактика кезеңінде ыстық тағаммен қамтамасыз етіледі.
3. Ішкі істер органдары, сот орындары және көші-қон қызметімен бірлескен жұмыстар.
Емделу тәртібін бұзған науқастарды іздестіру және қайтадан емге тарту жөнінде айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Егер 2008 жылы режимді бұзушылардың саны 110 адам болса, 2017 жылы 53 адамға дейін кеміді. Олардың 75 пайыздан астамы тауып алынып, мәжбүрлі түрде емге тартылды. 2017 жылы қылмыстық атқару жүйесі департаментімен өзара іс-қимылдың арқасында 87 пациент мәжбүрлеп емдеуге рәсімделді, соның ішінде емделу курсы бітпей тұрып, туберкулез колониясынан босағандар да бар. Шамамен 80 белгілікті тұрақ мекені жоқтардың құжаттары рәсімделіп берілді.
4. Облыстың мал дәрігерлік қызметімен бірлесіп атқарылып келе жатқан жұмыстар.
Бұл бағытта ұдайы ақпараттар алмасылып тұрады. Облыс тұрғындары арасында ауыл шаруашылығы малдарынан жұғатын эпизотологиялық жұқпалы аурулар тіркелген жоқ.
5. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл шаралары.
Облыста «Луч надежды» қоғамдық қоры (директоры Л.А.Рубежанская) он жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Осы қоғамдық қормен тығыз байланыс орнатудың нәтижесінде ЕЦ-166/11 мекемесінің туберкулез
ауруханасында тұңғыш рет науқастарды эпидемиологиялық статусы бойынша бөлу қамтамасыз етілді. Науқастарды ұстау жағдайы жақсартылды, түзету мекемесінен жазаларын өтеп шыққан науқастардың одан әрі жергілікті жерлердегі емдеу орындарында 100 пайыз толық ем қабылдауына қол жеткізілді.
2017 жылы Жаһандық қордың «Туберкулезбен тиімді күрес жүргізу үшін азаматтық қоғаммен ынтымақтастықты нығайту» жобасын іске асыратын «Игілік» қоғамдық қоры ашылды. Директоры – А.Т.Темірханова. Қор туберкулезді алғашқы кезеңінде диаг-
ностикалау және халықтың осал топтары арасында емдеу жұмыстарын тиісті деңгейге қою жолында жемісті жұмыс істеп келеді.
Міне, осындай шаралардың арқасында Ақмола облысында соңғы он жылда туберкулезбен сырқаттанушылық 2,7 есеге (жыл сайынғы азаю қарқыны – 7 пайыз), балалар арасындағы сырқаттанушылық (18 жасқа дейін) 3,4 есеге, қайтыс болушылық 4,6 есеге азайды.

Жазира НЫСАНБЕКОВА,
Ақмола облыстық Қоңыратбек Құрманбаев атындағы
туберкулезге қарсы диспансері бас дәрігерінің орынбасары

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар