Сала озаттарына құрмет көрсетілді

Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияда Энергетик күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтіп, елімізді, соның ішінде Ақмола аймағын электр қуатымен қамтамасыз етіп келе жатқан сала қызметкерлерінің еңбегіне ризашылық білдірілді.

Өңірдегі барлық энергетиктердің басын қосқан бұл жиналыста «Көкшетау Энерго» серіктестігінің бас директоры Досымхан Аралбаев биылғы жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. 2018 жылы компания электр жүйесіндегі техникалық қызметтің жоспарланған барлық күрделі және ағымдағы жөндеу жұмысын ойдағыдай орындады. Инвестициялық бағдарлама толық орындалып, 815 миллион теңге игерілді. Салтанатты жиналыста құттықтау сөз сөйлеген облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Иван Юрченко жыл қорытындысы бо-йынша кәсіпорынның үздік еңбеккерлерін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің наградаларымен және Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Сондай-ақ, еңбек озаттары қазақстандық электрэнергетикалық қауымдастығының және «Көкше Энерго» серіктестігі бас директорының сый-құрметіне ие болды. Салтанатта қазақша күрестен Қазақстан Республикасы чемпионатында бірінші орынды жеңіп алған Көкшетау қалалық электр жүйесінің бақылаушысы Жанар Табыловаға бір айлық еңбекақы түріндегі сыйлық берілді. Салтанат облыстық филармония ұжымы әзірлеген мерекелік концертпен жалғасын тапты.

Марат ШОҚАЕВ,
«Көкше Энерго» серіктестігінің
баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар