Ескерткіштер – ел мұрасы

Көкшетау қаласыңдағы Ақан сері ескерткішінің алдында өткізілген «Тарихтан – тағылым» акциясы жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу мақсатын көздеді.

Облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы ұйымдастырған акцияға Ақан сері атындағы мәдениет және Біржан сал атындағы музыка колледждері мен №6, №17 орта мектептердің оқушылары қатысты. Жиында сөз сөйлеген аталмыш орталықтың маманы Қайыргелді Исин жастар  төл тарихымызды оқып-білуге ұмтылу қажеттігін қадап айтты. Оның айтуынша,  қазіргі уақытта облыс бо-йынша 1631, ал Көкшетау қаласында 36 ескерткіш пен мәдени мұралар қорғауға алыныпты. Оның ішінде, ғалым, этнограф Шоқан Уәлиханов ескерткіші мен «Қала тарихы» мұражайының республикалық маңызы бар. Шара барысында оқушылар Ақан сері мен Біржан сал әндерін орындады.

Ырысгүл КЕНЖЕБЕКҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар