Мәселе қаржыға тірелуде

 «Kazakhstan Innovations» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Консорциялық келісімге қол қою рәсімі болып өтті.

  Облыстық басқармалар басшылары, білім мекемелері, бизнес құрылымдары мен ғылыми өндірістік бірлестіктердің өкілдері қатысқан шарада қоғамдық қор басқармасының төрайымы Мәриям Әбішева Консорциялық келісімнің өңірдегі кәсіпкерлік қызметті дамытуға және тұрғындардың шығармашылық белсенділігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ, бұл құжатта облыстың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған инновациялық жобаларды қолдау, азаматтардың тұрмыстық жағдайын жақсарту, ғылымды коммерцияландыру және облыс экономикасын жасыл экономикаға көшіру жайы қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Еуразия су орталығы» ғылыми өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамы бас директорының орынбасары Людмила Шабанова өз сөзінде Қопа көлін тазартудың кешенді жобасына тоқталып, көл түбіндегі қалдықты қоршаған ортаны ластамайтын отын ретінде Щучинск-Бурабай курортты аймағында пайдалануға болатынын атап өтті. Сондай-ақ, шарада көл жағалауын саябаққа айналдыру жобасы да қарастырылды. Қазір ғылыми жобаларды жүзеге асыру үшін қаржы қажет. Осы орайда, Консорциялық келісімге қол қою бизнес пен ғылымды байланыстыруға жасалған қадам болды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар