Көше қиылысындағы жұмбақ

 Таяуда орнатылған емес, жаяу жүргіншілерге әлденеше жыл қалтқысыз қызмет істеп тұрған дүние. Біраз уақыт бұрын орталық көшені кесіп өтетін жаяу жүргіншілер жолының қос қапталына белгі орнатылды. Кәдімгі ұзын көшелердің бойында жаяу жүргіншілердің көшені кесіп өтуіне мүмкіндік беретін белгі.
Бағдаршам болса қызыл, сары, жасыл  көздерін ашып-жұмып, жұмыс істеп тұр. Жол ережесін жөнді білмейтін немесе бағдаршамның жұмыс істеп тұрғандығын аңдамай қалған жүргіншілер рұқсат белгіні малданып, көшені кесіп өте береді. Дәл осы сәтте бағдаршамның жасыл шамы жанып тұрса, жеңіл автомашиналарға жол ашық. Сіз қауіп қайдан дейсіз? Міне, осы жерден.
Көше қиылысындағы қауіпті еселеп тұрған біздіңше, осы рұқсат белгі. Бағдаршам тұрған соң белгінің қажеті қанша? Белгіге сеніп жолдан өтпек болған талай жүргіншіні автокөлік қағып кете жаздады. Әзірге шетін оқиға бола қоймағанымен, жаратқанның сақтанғанды ғана сақтайтынын естен шығармау керек.
Қос белгінің қаншалықты қажеті бар? Әйтеуір, көптен бері дәл орталықта тұрған осы бір жұмбақтың шешуін ешкім шығара алмай келеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар