Ақмола-Көкшетау. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында киелі орындар тізіміне он нысан енгізілді

Археологиялық-этнографиялық кешен (Қосбатыр Құмай); Абылай хан алаңы; Кенесары үңгірі; Ботағай кесенесі; Оқжетпес шыңы; Қабанбай батырдың қорым-кесенесі; Беспақыр мазары; Олжабай батырдың қабірі; Баубек батыр; Науан Хазірет кесенесі.

Хан билігінің жарты ғасырлық кезеңі, тек тарихнамада және мұрағаттық көздерде ғана емес, халыққа «Абылайдың алтын ғасыры» ретінде белгілі болды. Өткен ғасырдың Қаңтарбаевтың картасы бойынша жергілікті өлкетанушылардың айтуынша, Көкше-Бурабай маңында Абылайдың атымен байланысты екі алаң болды: «Үлкен және кіші алаң». Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, үш жүздің басын біріктірген алаңда Абылай ханның орны болған. Абылай хан стелласынан жоғары қарай, 120 метр жерде Көкше тауының бөктерінде қазақтарға киелі жер бар, бұл Абылай ханның жалғыз гранит тасынан жасалған тағы орналасқан. Қазірдің өзінде «Хан тағы» деп аталатын орын, тарихи оқиғаның куәгері болып келеді. Хан тағынан алаң толықтай көрініп, алаңдағы барлық дауыс анық естіледі. Тарихи шешімдерді қабылдау үшін, неліктен Ұлы ханның осы жерді таңдағаны барлығымызға мәлім бола бастады. Солардың бірі – Көкшетау тауы маңындағы «Абылай ханның алаңы» деп аталатын тарихи жер. Осы жерде, жүз жыл бұрын таудың етегіне киіз үйін қойып, табиғатына тамсана отыра Сәкен Сейфуллин өзінің болашақ үздік туындысы «Көкшетау» поэмасын жазды. «Кербез Көкше» табиғат сұлулығын жырлай отыра, халық аңыздарын жинау негізінде, қазақ поэзиясының классиктерінің жинағы, өзінің поэмасында Абылай хан – басты кейіпкері болған тарихи поэмасын жазды. Көкшетау төңірегінде Абылай хан дәуірінен осы күнге дейін осындай топонимдер мен гидронимдер сақталды: «Ханның қызыл ағашы», «Ханкөл», «Төре Қызыл ағашы», «Қымызнай», «Оразбұлағы», «Аталықтың ауылы», «Қара қыстақ», «Жұмақай қыстау», «Текекөл», «Жайнақкөл» және т.б.
ХVІІІ ғасырдағы қазақ тарихындағы ұлы тұлғаға арналған «Абылай хан Ордасы» сәулет-тарихи кешені экспозициялық залымен мыңдаған адамдар үшін, соның ішінде алыс және жақын шет елдердің туристерінің қажылық орны болып саналады.

Наурызбай Таласов 1843 жылы Көкшетау округі, Мезгіл болысының, Жылкелді ауылында дүниеге келген. Оның әкесі Қарауыл руының Шұңғырша тармағынан тарайды. Шығу тегі былай жалғасады – Шұғыл-Ақан-Құтболат-Талас-Наурызбай. Науан Хазірет 1916 жылы 73 жасында қайтыс болып, Көкшетау қаласында, Қопа көлінің жағасындағы мұсылмандардың зиратында жерленген. Алайда, кейінгі кезге дейін оның нақты қайтыс болған уақыты мен жері белгісіз болып келді, сондықтан да, 2001 жылы Таласов Наурызбайдың оқушысының немересі ретінде Төлеген Хамзин өз қаражатымен Науан Хазіретке зират кіреберісіне ескерткіш белгі қойған. Біраз уақыт өткен соң зират басына қойған көне құлпытас жермен-жексен болып, екіге бөлінген күйінде табылған болатын. Құлпытастағы араб графикасымен жазылған «Бұл тас Көкшетау шаһарының бас имамы Науан-Мұхаммед Таласұлына қойылды, 73 жасында фаниден бахиға көшті, 1916 жыл» деген жазу жақсы оқылады.
Құлпытасты қазіргі қалпына келтірген бұрын кеңес-партия және шаруашылық қызметінде болған зейнеткер Раев Қаратай қажы болатын. Ол «Бурабай» ұлттық паркінің директоры, Науан Хазіреттің алыс туысы болып келетін Әліби Ғалымның демеушілік көмегінің арқасында қалпына келтірілді.
Наурызбай алғашында ауыл мектебінде оқыды, сосын Қызылжар қаласындағы медреседе оқып, бітірген соң, дарынды бала ретінде Бұхарадағы Кокалташ діни семинариясына оқуға ұсынылады. Біраз уақыт туған ауылында жұмыс істеп, қаражат жинап, 1870 жылдың басында ақыры сол діни семинарияға оқуға түседі. Жаңа оқу орнында Наурызбай барлық оқытылатын пәндерді терең игергендігімен көзге түседі. Курсты аяқтаған соң дарынды семинаршы ретінде мұсылмандардың орталығы Бағдат қаласына тәжірибе алуға жіберіледі. Тәжірибе алмасудан оралған соң алдында оқыған діни семинарияда ұстаздыққа қалдырылады.
1886 жылы Көкшетау уезінің жұртшылығы Бұхара қаласына үш адамнан тұратын делегация жібереді. Ондағы мақсаттары Наурызбай Таласовты туған өлкесіне қайтару болды. Көкшетаудан келген эмиссарлардың өтінішіне түсіністікпен қараған бұхарлықтар Наурызбай Таласовқа рұқсат береді. Еліне Наурызбай жан-жақты білімімен келеді. Ол көне түркі, өзбек тілдерімен қатар, парсы және араб тілдерін, шығыс әдебиеттерін жетік меңгеріп шығады, орыс және татар тілдерінде еркін сөйлейді. Көрнекті дінтанушы-ғалым Наурызбай Таласов ғылыми атақ алып, халық ішінде Науан Хазірет ретінде танымал болды.
Науан Хазіреттің шәкірттері мұнда мұсылманша білім алумен қатар, шығыс әдебиеттерін, араб және орыс графикасын да оқитын. Медреседе араб және парсы тілдері мен шығыс әдебиеті классиктеріне көп көңіл бөлінетін. Уездік басшы тарапынан мектеп-интернатты тексеріп, іздеу жасаған кезде оқушылардан Фирдоусидің, Навоидің, Саадидің, Низамның кітаптары алынған.
Осылайша бір ғасыр бұрын жұмыс істеген Науан Хазірет медресесі ұстаздарының қатарында қазақша еркін сөйлейтін ташкенттік Ингам Кари мен саяси айдауда жүрген Петр Гарлишев те болған.

Көкшетау өлкесінің солтүстік бөлігінде үлкен көл бар. Көлдер жасыл жамылғымен жабылған. Бұл – Ұлы Абылай ханның ордасы және бұл көлді «Хан көлі» – деп атаған. 1802 жылы Қасым сұлтанның ұлы, Ұлы Абылай ханның ұрпағы дүниеге келген.
Кенесары Қасымұлы – қазақ ханы, 1841 жылдың үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хан болып сайланды, 1837-1847 жылдары ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы, Қасым сұлтаннан туған Кенесары – көрнекті қолбасшы, қазақтың ұлт-азаттық көтерілісінің аса білікті жетекшісі ретінде халық санасында сақталған. Хан Кене әкесі Қасым сұлтанның ісін жалғастырып, патша колонизация және патша үкіметі қазақтың жерлеріне әскери бекіністер салу және қазақ халқын қатты күйзеліске ұшыратты.
Кенесарының саяси мұрасы халықтың есінде абыройлы, халықтың мақтанышы мен қадірі ретінде қалды. Кенесарының мұрасы өзінің жеке тағдыры сияқты, әртүрлі қайшылықтарға ұшырады. Олар рухтың жетелеуімен шабыттанып, Кенесары халық есінде ар-ұждан, халықтың сана-сезімінен тазартуға тырысты.
Аталмыш үңгірге апарғанда, осы қызықты тарихты экскурсоводтар туристерге айтады.
Бұл аңыз шынайы болуы мүмкін, өйткені, Абылай ханның немересі, Қасымның ұлы – Кенесары Қасымов осы жерде 1802 жылы дүниеге келген. «Кенесары үңгірі» деп аталатын тарихи жер аңызға сай, ол аң аулап оралғаннан кейін осы жерге келіп, тынығуды жақсы көрді және түнейтін орын болған.

«Түркі қағандар ордасы» – «Резиденция тюркских правителей». Құрамында бірнеше мыңжылдықтардың мәдени мұралары тоғысқан, еліміздің Астана қаласына жақын жердегі Құмай мәдени кешендегі ескерткіштер Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Бұйратау тауының етегіндегі «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ауданында тығыз шоғырланған. Құмай кешеніндегі бірегей ескерткіштер қатарына жататыны мен жарқын әрі есте қаларлықтары шығыс қабырғасына орнатылған мүсіндер бар түріктік ғұрыптық қоршаулар болып табылады. Ежелден байырғы түріктер дүниеден өткен ұлы ата-бабаларының құрметіне (аруағына) тағзым етіп, ғұрыптық қоршаулар орнатты. Үйдің нышаны – қоршаулардың шығыс қабырғасына тұрғызылған батыр жауынгерлердің портреттік бейнелері Құмай өзені аңғарындағы далада асқан әдемілікпен орындалған. «Қос батыр» діни ескерткіштерімен қатар, Қазақстанның ежелгі дәуіріне жататын объектілер кешені орналасқан. Мүсіндерде бедерленген атрибуттар: ыдыс, әшекейлік заттар мен қару жиынтықтары үлкен ғылыми қызығушылықты тудырады. Аталған атрибуттар өздерінің қолданыс аясында болу кезеңінен бастап, ескерткіштер хронологиялық уақытына, түрік қоғамындағы әлеуметтік жағдайдың қалыптасуы мен дүниетанымына қатысты қағидаларға, әртүрлі археологиялық және этнографиялық зерттеулерге байланысты негізгі дерек көздер қызметін атқарады. Облыс аумағында ежелгі және орта ғасырлық даланың жалғыз аймағы. Қола дәуірі, ерте темір дәуірі және түркі дәуірінің ескерткіштері болып табылатын аймақтың аумағында жалғыз көпкомпонентті мәдени кешені. Құмай мәдени кешеніндегі мұралардың тарихи маңыздылығы ескерткіштердің барлық типтері мен түрлерінің потенциалды ақпараттылығында жатыр. Кешен Ақшоқы, Ершоқы және Жыланды тауларының шығыс, оңтүстік-шығыс етегінде жинақы орналасқан, түрлі дәуірлерге тән ескерткіштерді қамтитын бірнеше топтан тұрады. Қос батыр ғұрыптық ескерткіші ежелгі түркі заманында өз жерінде ерлік жасап аты аңызға айналған қос батырдың құрметіне жасалғанын және жергілікті халық та осы аймақты қос батыр деп атап кеткендігі жөніндегі мәліметті қазақтың белгілі археологы Әлкей Марғұлан өз еңбектерінде жазып қалдырған. Құмай археологиялық және этнографиялық кешені түркі ескерткіштерін ашу және зерттеудің негізі көлденең орнатылған және тасқа салынған тас тақталардан тұратын тіктөртбұрышты құрылым болып табылатын бірдей типтік рәсімдік құрылымдардан тұрады. Барлық қоршаудың ішкі алаңы қиыршық тасқа толы. Барлық ескерткіштер Құмай өзенінің сол жағалауында террассаларында, 5-7 шақырым радиусты қамтитын ауданда шоғырланған. Құмай археологиялық-этнографиялық кешені – мемориалдың хронологиялық тұрақтылығы, діни ескерткіштер мен қоныстардан тұратын географиялық, табиғи, ландшафт бірегейлігін, тұрғылықты топонимикалық номенклатурасы, ескерткіштер әртүрлі құрылым бөліктерінде көрсетілген. Қазақстанның мәдени мұрасы мен табиғи ортасының ажырамас бірлігінің осындай аналогтары Қазақстанда табылмады.

Олжабай батыр – Орта жүздің арғын руынан шыққан қазақтың даңқты батыры. 1709 жылы дүниеге келіп, 1783 жылы қайтыс болды. Оның арғы атасы Айдабол кезінде би болған адам. Әкесі Толыбай «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» ұлт-азаттық соғыс кезінде елді жаудан қорғап жүргенде оққа ұшып, қайтыс болды. Сол кезде он үш жастағы Олжабай нағашысы Қаратай батырдың қолында тәрбиеленеді. Олжабай жас кезінен ержүрек батырлығымен көзге түседі. Ер жеткен соң елді, жерді қорғау үшін жоңғарлармен болған талай шайқасқа қатысады. Оның ерлігінің ерекше көрінетін жері – Баян-ауыл баурайындағы өткен шайқас. Олжабай батыр, жиені – Жасыбай батырмен жаудың жолын тосқауылдап жатады. Жасыбай батыр сарбаздарымен Шойынкөлге өтетін асудың іргесіне, ал, Олжабай батыр Торайғыр көліне өтетін асуына бекінеді. Жау әскері Жасыбай батырға тосыннан келіп тиіседі. Осы шайқаста Жасыбай батыр қаза табады. Олжабай батыр жауға қырғидай тиіп, жаулармен батыл соғысты. Олжабайдың сұсты жүзін көрген досы Төртуыл Баймұрат батыр «саған қарсы келер ешкім қалған жоқ, демал, маған жаумен соғысуға мүмкіншілік бер» – дейді. Сонда ол «Жасыбайдың бір бармағының да құны толған жоқ қой» – депті. Олжабай батырдың есімі Орта жүзге ұран болған. Халықтың шежірелерінде, ауызша әңгімелерінде Олжабай туралы өте көп айтылады, өлең-жыр, дастандар да баршылық. Онда Олжабайдың батырлығы, тапқырлығы, мергендігі ерен сүйіспеншілікпен сөз болады.
Әйгілі ғалымдар: академик Ә.Марғұлан Олжабайдың шөпшегі болса, ақын О.Сүлейменов жетінші ұрпағы.
Олжабай батырдың жерленген орны Ақмола облысы Ерейментау ауданының Олжабай батыр ауылында орналасқан.

Баубек батыр Бекмырзаұлы 1824 жылы Көкшетау облысы аумағында дүниеге келген. Оның әкесі белгілі, ауқатты, бай адам болған. Баубек әке-шешесінен ерте жетім қалды. Ол он жасында Кенесары ханның тәрбиесіне түсіп, кейіннен оның бауырында болады, кейін әскери оқуға беріп, оқып шығады. Баубек жастайынан қара күшімен, өзінің табаңдылығымен көзге түсіп ерекшеленеді.
Кейін Қырғызстандағы ірі шайқастардың біріне қатысып, танымал қырғыз батыры Отыншы батырды жеңіп шықты. Содан бері оны Баубек батыр деп атап кеткен. Кенесарының көтерілісіне дайындалу барысында оның бар жан-тәнімен берілген көмекшісі атанады.
Кенесары мен інісі Наурызбай шайқас алаңында қайтыс болғанда, Баубек батыр тұтқынға алынып, кейін одан қашып шығып, өзінің туған жеріне қайтып оралады.
Баубек батыр көптеген аталас туған-туысқандарымен бірге Терісаққан өзенінің маңайына қоныстанды. Қазіргі Терісаққан ауылы сол кезде құрылды.
Патшалық үкіметке қарсы көтеріліске шығып, өз халқының құрметіне ие болады. Патша әкімшілігі кейін сол үшін қудалап, қарсы шыққан үшін оны Түмен облысынан бір-ақ шығарады. Сол жақта 1884 жылы қайтыс болды.
Осылайша Баубек батырдың туған жерінде жерленуге тағдыр жазбады. Бірақ, оны ұстауға барғанда, ол өзі бір саусағын қылышымен кесіп тастап, киімдерінің бір қалтасында бір жапырақ қағаз жазып қалдырып кетті. Онда «Менің өлгенім жайлы хабарды естігенде, осы жерде саусағымды менің денемнің бір бөлігі ретінде көміп тастаңыздар»,– деп өсиет қалдырды.
Баубек батырдың қайтыс болғаны туралы естігеннен кейін, оның туған-туысқандары Бесоба деген жерге барлық киімдері мен саусағын жерге көміп, қазіргі Қызылту ауылының аумағында тастан үлкен мазар салды.
Әйгілі ата-бабасын еске алған батырдың ұрпақтары жиналып, Баубек Бекмырзаұлына үлкен кесене орнатып, оны салтанатты түрде 1993 жылы 16 қазанда ашты. Қызылту ауылын қазір «Баубек батыр ауылы» деп атайды.
Белгілі себептерге байланысты, Кенесары Қасымовтың қозғалысына қатысқандардың есімдері ұзақ уақыт бойы ұмыт болды. Сондықтан, Баубек батырдың өмірі мен қызметі жеткілікті деңгейде зерттелмеген. Тарихи материалдар аз сақталған. Көптеген қазақстандық жазушылар өз шығармаларында оның образын сомдады. Мысалы, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясында, Сабыр Шәріповтың «Ерден көлі» әңгімесінде, атақты тарихшының редакциясымен жарияланған Ермұхан Бекмахановтың «Қазақ КСР-нің тарихында» оның есімі аталады.

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын кентінен 2 шақырым жерде, ал, Астана қаласынан батысқа қарай 120 шақырым жерде орналасып, Ботағай кесенесі сәулет және ортағасырлық дәуірдің XI-XII ғасырдың ескерткіші болып табылады.
Саяхатшылардың сипаттамасы мен сызбасы бойынша Ботағай кесенесі Қазақстан өнерінің сәулеттік-құрылыс кешені болып саналады. Кесене ХIХ ғасырдың басында жағдайы қанағаттанарлық болғанымен, құлаған. Қазба жұмысы жүргізілгенге дейін ескерткіш диаметрі шамамен 30 м, биіктігі 1,5-2 м сопақша қалыпты төбе болып табылатын. Оның төбесінде металдан жасалған триагуляциялық бекеті орналасқан. ХIХ ғасырдың ортасында кесене біршама жақсы күйге ие болды, өкінішке орай бүгінгі күнде ол қираған құрылыс үйіндісі болып табылады. 1862 жылы Ботағай кесенесінің суретін қазақтың ұлы этнограф ғалымы Шоқан Уәлиханов салды. Көптеген саяхатшылардың сызбалары мен сипаттамаларына қарағанда, Ботағай Қазақстанның сәулет-құрылыс өнерінің көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.
Аңыз бойынша, ежелгі дәуірде шебер-құрылысшы Ботағай өмір сүрген. Ол кедей бола тұра, оның бойында алып күш болды. Күші бар адамға екі бөренені арқасына салып, Нұра өзенінен өту оңай болды.
Бір хан өмірлік кесене салуды шешіп, Ботағайды шақырады. Ботағай бірден жұмысқа кірісе кетіп, жақын арада Нұра өзенінің маңына кесене салады. Салған кесенесі соншалықты үлкен, кесене өзенге дейін жеткен. Хан шебердің іскерлігіне риза болады. Сол жерге көпір салады, қазір сол жерді «Ботағай өткелі» деп атайды. Көпірді салу кезінде Ботағайдың басына бөрене құлап, Ботағай қайтыс болады. Қайғырған хан, барлық халықты жинап алып, «Ботағай – шебер және тамаша адам болды» деп айтып, оның есімі мәңгілік есте қалу үшін өзіне салған кесенеге Ботағайды жерлеуді ұйғарды. Ботағай туралы естелік «Ботағай мазары», «Ботағай өткелі», «Ботағай соры» деген атаулармен аңыз бізге жетті.

Беспақыр мазары – XIX ғасырдың аяғында салынған діни-сәулет ескерткіші болып саналады. Нұра өзенінің оң жақ жағалауындағы ескі моланың аумағында ашық алаңында орналасқан. Мазар салынған кірпіш құрамы – қойдың сүті, жүні, аттың жалы мен саз балшықтан тұрады. Қазақ халқының соңғы ханы Кенесары Қасымовтың басшылығымен 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық соғыс кезінде қаза тапқан бес адамға Беспақыр мазарын салғаны туралы халықтың аңызы бар. «Беспақыр» сөзінің мағынасы «бес адамның қайғысына ортақтасу» дегенді білдіреді. Мөлшері 30х22
(23) х 10 см және 50х25х10 шикі өңделген кірпіштен қаланған. Кіру есігі көлемі күмбезінің үстіңгі бөлігі опырылған, кіру аркасының жан-жағындағы қабырғада бұзылған жерлері бар. Күмбездің есігі бар саған түріндегі орындалған мазардың өзгешіл типін сипаттайды. Екі бөлмелі композиция көлденең осінде шығыстан-батысқа қарай созылған. Шағын көлем пропорциялары қасбет қабырғаларының бірқалыпты формаларымен ерекшеленеді. Шығыс жағындағы аласа аркалы есік диаметрі 2,8 метр сопақ бөлменің ішіне апарады, ол шығыңқы кірпіштен қаланған күмбезбен жабылған. Есік осі бойынша диаметрі – 6,5 метр, қабырғаларының биіктігі – 3 метр саған түріндегі негізгі дөңгелек бөлімге апаратын аласа аркалы ойық. Беспақыр мазары Қорғалжын ауданы, Абай ауылында орналасқан.

Кербез Көкшенің Бурабайындағы «Абылай хан» алаңынан терістік шығысқа таман үш жүз метрден сәл астам қашықтықта көз қызықтырып аспанның көк шымылдығына сүңгіп бара жатқан тіп-тік сұңғыла таудан көз айыра алмайсыз. Бұл – «Оқжетпес»! «Оқжетпес» шыңы жайлы халқымыздың тұңғыш ағартушы ғалымы Шоқан Уәлиханов талай аңыз-әңгімелер жинаған-ды. Халық арасында «Оқжетпестің» ұшар басына ұя салған қырағы қыран жайлы аңыз да кең тараған. Жерден қарағанда «Оқжетпестің» басында тізе бүгіп жатқан пілді Теміртау қиясынан қарап таба алмайсың. Ал, «Оқжетпестің» түбінен Бурабай көлінің «Жұмбақтас» жақ жағасынан жүргеніңде шың үстінде мүлгіп жатқан піл айқын көрінеді. Ал, оң құлағына жабысып тарбиып «Тасбақа» шығып бара жатқандай. Енді бірде биіктен қарап тұрсаңыз әлгі тасбақа көзге түскісі келмегендей тығылып қалады. Таза гранит текшелерінен қаланған. Бір қарағанда «Оқжетпес» – әлдебір алып батыр ойпаңда тұрып-ап түбі жуантық, сүп-сүйір көк сүңгі найзасын аспаннан төнген әлдебір кесапатқа қарсы жалт еткізіп сілтей қалған тәрізді.

Қабанбай батыр кесенесі Целиноград ауданы Қабанбай ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан.
Ту көтеріп, ел қорғаған сүйікті батырын халық Қабанбай деп атады (азан шақырып қойған аты – Ерасыл), мәңгілік даңқы бар, ол туралы көптеген ескерткіштер (поэмалар, аңыздар, толғаулар, арнаулар) орнатты.
Қабанбай XVII ғасырдың соңында Қожағұл батырдың отбасында дүниеге келген. Жоңғар-қазақ соғысының басында Қабанбайдың әкесі мен ағасы алғашқы құрбандары болады. Сіздер білетіндей, халықтың ашуы қайғыдан басталады. Ол 16 жасында Қабанбай күресушілерінің қатарына қосылды. Әскери ортада тәрбиеленген жас жігіт қолмен күресудің техникасы мен әдістерін игерді, сондай-ақ, тактикалық шайқас жүргізуді білді, ол тез беделге ие болды.
Шайқастарда ерекше батылдық танытып, сол үшін бірнеше аттарға ие болды: Ізбасар деген ат – әкесінің ерлік істерін жалғастырушы, Қарбала – жас жігіт, күш иесі, Дарабоз – ерекше, Қабан – жабайы қабандарды жайратып, «Қабан батыр» деп атанған. Соңғы ат Қабанбай жалпыға танымал есім болып қалып, ал Қаракерей жауынгерлік ру ұраны болды.
Кейініректе Қабанбай батыр қазақтың ұлт-азаттық жауынгерлерінің басшысы болып, бірақ, өзінің қатардағы сарбаз болып, біртіндеп бірінші жасақтың басшысы (жүзбасы), полк басшысы (мыңбасы), ірі қолбасшы (түменбасы), 1723 жылы жойқын апат басталғанда, Қабанбай Қазақ хандығының астанасы, киелі Түркістан қаласының қорғаныс басшысы болып тағайындалды. Ал, кейін Алакөл шайқасы (1725), Шұбартеңіз шайқасы (1728), Бұланты шайқасы (1729), Аңырақай шайқасы (1729), Ілі шайқасы, (1730), Шаған шайқасы (1735), Шорғын шайқасы (1740) сияқты стратегиялық маңызды шайқастардың басшысы болды. Қабанбай қырық жылдан астам уақыт бойы ұлт-азаттық көтерілісінің туы астында соғысып, осы уақытқа дейін белгілі ол 103 ірі шайқасқа қатысқан.
Ақмола облысының Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылдық округінің аумағында тарихи және мәдени объектісі – Қабанбай батыр кесенесі орналасқан.
2000 жылдың 3 қарашасында Рождественка ауылында Сарыадыр учаскесінде (қазіргі Қабанбай батыр атындағы ауыл) елге танымал қазақ батырының ескерткіші ашылды. Ұлы адамдар ежелгі уақытта төбеде жерленген, олардың сенімін және рухын нығайта отыра, тіпті, алыс қашықтықтан адамдар өздері туралы еске салды. Тарихи дереккөздерде Қабанбай батыл жауынгер ретінде суреттеледі. XVIII ғасырдың аяғында оның жетекшілігімен жоңғарларды жеңіп шығып, қазақтарды қырылудан құтқарды.
Батырдың жерленген жерінде 25 метрлік кесене орнатылған. Ғимараттың жалпы ауданы 41,3 шаршы метр.
Кесененің композициялық идеясы – дала архитектурасы үшін дәстүрлі болып табылады, қазіргі заманғы үлгіде жасалған. Қызыл кірпіштің құрылымы мен шатыры ирандық сәулетшісі – Кабус мұнарасы, XI ғасырдың басындағы мұнара кесенесін еске түсіреді.
Кесененің көкке созылған тетігі қызықты түрде ұйымдастырылған, кіре беріс бөлігі тартымды орындалған. Кесененің цилиндрлі көлемі мен порталдың призмалық көлемінің контрасты үйлесімділігі жалпы композицияға сай болып келеді. Кесене камерасының шеңберленіп келетін ішкі жағы күмбезі қырлы дөңгелек-конусты шатырмен жабылған. Күмбездіктің негізіндегі саңылаудың ашылуы, көшпенділер қолданатын ауа райының ыстығында киіз үйдің ауасын тазарту үшін желдету әдісін еске салады. Бұл жобаның әдісі Ақжайық Сәйменовтің, сәулетті ежелгі жаңа мағыналық және пластикалық мүмкіндіктерін табу үшін жасалған әрекеті.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *