Ұлт мақтаны, елдіктің нышаны

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен облыс әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтіп, өңір басшысы өз сөзінде Мемлекеттік Рәміздер Ұлт мақтаны, елдіктің нышаны екенін атап көрсетті.

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
– Мемлекеттік рәміздерді насихаттаудың еліміздің келешек ұрпағын тәрбиелеуде маңызы зор. Мұнымен кешенді түрде айналысу арқылы біз оның тиімділігіне көз жеткізе аламыз, – деді Мәлік Мырзалин.
Жиында облыс әкімі жастарға патриоттық тәрбие беруде келер 2019 жылдың «Жастар жылы» деп жариялануы маңызды екенін атап өтті.
Әкімдік отырысының күн тәртібіне сай облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер бойынша комиссия мүшелері Бұланды, Шортанды және Жарқайың аудандарында жүргізілген тексерістің қорытындысын шығарды. Сонымен қатар, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева мемлекеттік рәміздер бойынша 2019 жылғы жұмыс жоспарымен бөлісті. Жиында айтылғандай, ағымдағы жылдың 1-ші қарашасынан бастап, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының жаңа нұсқасы қолданысқа енгізілді. Онда «Қазақстан» жазуы «Qazaqstan» деп өзгертілді. Бұл еліміздің латын әліпбиіне ауысуына байланысты болған өзгеріс. 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін еліміздің мемлекеттік Елтаңбасын біртіндеп жаңа нұсқаға ауыстыру мерзімі бектілді.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Мәлік Мырзалин комиссия мүшелеріне мемлекеттік рәміздердің ұлттық стандарттарға сәйкес болуын қадағалауды күшейту және дәріптеуді қамтамасыз ету керектігін айтып, мемлекеттік органдардың басшыларына 2019 жылдың бюджетін қалыптасыруда жаңа нұсқадағы мемлекеттік рәміздерді сатып алу үшін қаржы қарастыруды тапсырды.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар