Мемлекеттік қызмет – ар мен абыройдың ісі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов департаменттің биылғы жұмысы жөнінде брифинг өткізді.

Департамент басшысы мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік бірыңғай саясатты жүзеге асыру, кадрлардың сапалық құрамын жақсарту мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, олардың жемқорлыққа қарсы заңнама және Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде айтып берді. Мемлекеттік қызметте шамамен 6 мың мемлекеттік қызметші еңбек етуде және олардың 3,5 мыңнан астамы жергілікті атқару органдары жүйесінде тіркелген. Сондай-ақ, облыстағы мемлекеттік органдарда меритократияның бұлжытпай ұстанылуы мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсу деңгейіне жағымды ықпал ететіндігі айтылды.
– Конкурс нәтижелері бойынша тағайындалған мемлекеттік қызметшілер саны айтарлықтай артты. 2018 жыл ішінде ішкі байқаулар нәтижелері бойынша жоғары лауазымдарға 75,9 пайыз мемлекеттік қызметші тағайындалды. Меритократия облыстағы мемлекеттік органдарға әлдеқайда қабілетті, халыққа адал қызмет ету құндылықтарына ие қызметшілерді тартуға мүмкіндік беруде,– деді Берген Беспалинов. Бүгінгі таңда облыстың мемлекеттік органдарында ауысым деңгейінің төмендегені көрсетілді. Бұл мемлекеттік аппараттағы кадрлық құрамның тұрақтылығының артуын көрсетеді. Сондай-ақ, департамент басшысы мемлекеттік басқару академиясында 1400 мемлекеттік қызметші оқытылғанын айтты.
Департамент сервистік мемлекеттік қалыптастыру және халықтың сенімін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметшілердің адалдығы мен әдептілігін арттыруға зор көңіл бөлуде. Тәртіптік істерді қарау нәтижелері бойынша Әдеп кодексі нормаларын бұзғаны үшін жыл басынан бері 16 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған. Азаматтардың өтініштерін қарау мәселесі де тысқары қалған жоқ. Жыл ішінде департамент шамамен 70 тексеріс жүргізіп, нәтижесінде 23 азаматтың құқын қорғады. Брифинг барысында мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік құқықтарын қорғау мәселесі қозғалды. Департамент биыл облыс әкімдігінің қолдауымен «Ақмола – адалдық алаңы» жобасын іске асыруда. Сондай-ақ, облыс-та «Бизнес пен инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу» жобасы жүзеге асуда. Қазіргі уақытта жалпы құны 1 триллион 194 миллиард теңгені құрайтын 10 инвестициялық жоба аталған сүйемелдеумен қамтылған. Департамент басшысы 2019 жылға белгіленген жоспарлар мен міндеттерді жүзеге асыруға көп күш жұмсалатынын атап өтті. Тілшілер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар