Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті.

Елбасы кездесуде биыл елімізде болған маңызды оқиғаларды қорытындылап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Елбасы мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелері туралы әңгімелеп, жаңғыру жөніндегі реформалар мен бағдарламаларды іске асыруды одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы басты жетістіктері туралы айтып, жақында болған кадрлық өзгерістерге байланысты түсініктеме берді, сондай-ақ, Сыртқы істер министрлігі алдында тұрған жаңа міндеттерге тоқталды. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаевқа ресми емес сұрақтар да қойылды.

***

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылды.
***
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Бейбіт Атамқұлов Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар