Жан шырша, үмітімнің шырағындай!

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Көкшетау қаласындағы Абылай хан алаңында орнатылған жаңажылдық басты шыршаның

шамдарын жағу шарасына қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Мерекелік шараны тамашалауға қала тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналды. Облыс әкімі сөз сөйлеп, жиналғандарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, биылғы жылды табысты аяқтап, алдағы жылы жақсылықтарға жете берулеріне тілектестігін білдірді.
– Жаңа жыл – балалар да, ересектер де сағына күтетін айтулы мереке. Адамдар Жаңа жылда ғажайыптар күтеді, ертеңгі күнінен үміттенеді. Бұл мерекенің басты нышаны – мәңгі жасыл шырша. Бүгін біз дәстүрлі түрде шыршаның шамдарын жағу үшін жиналып отырмыз. Ескі жылды жақсы нәтижелермен қорытындыладық. Барлығымыз бірге жақсы жетістіктерге қол жеткіздік және келер жылға өте үлкен жоспарларымыз бар, – деді облыс әкімі Мәлік Мырзалин. Облыс басшысының құттықтау сөзінен кейін шырша шамдары жағылып, аспанға түрлі түсті отшашу атылды. Абылай хан алаңына салынған мұз қалашығы осы күндері көкшетаулықтардың баратын ең сүйікті орнына айналып отыр.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар