Алаяқ әйел

Көкшетауда тұрғындарды мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беремін деп алдаған 38 жастағы әйел  ұсталды.

Құқық қорғау органдарына облыс орталығының екі азаматынан алаяққа алданып қалғандары жайлы бірнеше арыз  түскен болатын. Тексеру нәтижелері анықтағандай, күдікті пәтер алып беремін деп алдап, тұрғындардан барлығы 1 миллион 434 мың теңге көлемінде ақша алған. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.
Облыстық ішкі істер департаментінің
 баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар