Жаңалық хабар

Ақмола облыстық әдебиет және өнер музейінде Ақмола облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» тақырыбында семинар-кеңес болып өтті. Аталмыш жиынның басты мақсаты – бекітілген латын негізді қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерімен тіл мамандарын таныстыру, талқылау және түсіндіру болып табылады.

Мәжіліске Көкшетау, Степногорск қалалары мен аудандарындағы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, тіл мамандары, тіл оқыту орталықтарының қызметкерлері қатысты.
Семинар-кеңес барысында облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Марал Жақыпова сөз сөйлеп, 2018 жылы Қазақстан Респуб-
ликасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы баяндады. Сондай-ақ, облыстық оқыту-әдістемелік орталығының директоры Қаратай Төлекеевтің ағымдағы жылы латын қарпіне көшу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпараты тыңдалды. Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының оқытушы әдіскерлері Әсемгүл Қарсабаева, Бибігүл Даирова және Қарагөз Жамұхановалар тіл тақырыбында баяндамалар оқыды. Мәжіліс соңында жыл қорытындысы бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізген мамандар марапатталды.
Сонымен қатар, семинарға қатысушылар белгілі қоғам қайраткері Жұмабек Тәшенов туралы Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық- драма театры 2015 жылы сахналаған «Алдаспан» спектаклінің бейнежазбасын тамашалады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

  • * *

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы, ал, 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшірілуге тиіс делінген. Жалпы, жемқорлыққа сілтейтін барлық әкімшілік шараларды алып тастау жемқорлықпен күресудің ең тиімді тәсілі.

Электронды-цифрлық жүйелердің бар мүмкіндіктері пайдаланылатын болса, онда жемқорлықпен күрес мәселесіне жұмсалатын ресурстарды басқа салалардың дамуына қолдануға болар еді. Осы бағытта Ақмола облысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көпшілігі электрондық форматқа ауыс-
тырылуда. Мәселен, биылғы жылдың 9 айында облыс бойынша 3 миллион 473 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 2,8 миллионы электронды түрде көрсетілген. Осы аралықта мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру бойынша 171 түсіндіру, 63 тексеру (47 жоспардан тыс) шаралары өткізілді. Нәтижесінде, 14 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік органдар мен қоғамның стратегиялық мақсаттарына жетудегі аса маңызды және басты жұмысы болуы тиіс. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар