Халықтың «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын қабылдау деңгейі

Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстанда трансформация үрдістері тек қана экономика және саясат саласында ғана емес, сондай-ақ, әлеуметтік салада да біртіндеп жүріп жатыр. Бұл Қазақстанның демократиялық, зайырлы мемлекет мәртебесін нығайтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Қазақстан алдында қоғам өмірінің барлық салаларын, әсіресе, қазақстандық қоғамның рухани саласын жаңғыртудың жаңа міндеттері тұр. Осы мақсатта «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы қабылданды.

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының негізгі бағыттарын халықтың қабылдауын және іске асыру барысын зерттеу осы мақсатта қызықты болып отыр.
2018 ж. «Қазына – Аралы» ЖШС Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша осы тақырып бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізді.
Әлеуметтік зерттеудің нәтижелеріне сүйене отырып, облыс халқының басым бөлігі Президенттің бағдарламалық мақаласымен (89,8%) таныс деп тұжырым жасауға болады. «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы туралы сұралғандардың 4% – ы хабардар емес.
«Сіздің ойыңызша, бірінші кезекте «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының мәні неде?» деген сауалнама сұрағына «Қазақстанның рухани жаңғыруы» деге

н жауап нұсқасы айтарлықтай танымал болды.

Бұл жауапты жалпы респонденттер

дің 59,8% таңдады. Екінші орында «Жеке ұлттық этникалық кодты сақтау» (47,9%), үшінші орында –

«Менталитетті, мәдениетті, салт-дәстүрлерді есепке ала отырып қазақстандық қоғамның прогресі» (31,9%), содан кейін «Қазақстандықтардың бойында шынайы патриотизм

сезімін тәрбиелеу» (36,1%) нұсқасы тұр.
Ақмола облысының сұралған тұрғындары тұрғысынан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ең ө

зекті идея-
сы «халықтың компьютерлік сауаттылығының өсуі, тілдерді білу есебінен қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілігі» және «ұлттық мәдениетті, тарихты сақтау» болып табылады, бұл нұсқаларды респонденттердің 36,4% және 30,5% – ы таңдады.

 

Сондай-ақ, «Рухани жанғыру» бағдарламасының өзекті міндеттері ретінде: «қазақстандық қоғамды, жаңа технологиялар мен ұлттық идеяларды бірлесіп дамыту» (28,3%), «білімге табынушылық» (27,3%) және «дұрыс, қарапайым өмір салтын жүргізу» (27,1%) аталып өтілді.
Бұл ретте Қазақстандағы қоғамдық сананы жаңғыртудың басты шарты халық арасында білім беру сапасын арттыру болып табылады, сұралғандардың 34,3% – ы осылай санайды. Респонденттердің осындай үлесі негізгі шарт дәстүрлер мен мәдениетті жаңғырту болып табылады деп санайды (32,8%). Сұралған облыс тұрғындарының 14,1% – ы қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі алғышарты ретінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру деп есептейді. Сауалнамаға қатысушылардың 7,6% – ы отбасы құндылықтары мен тәрбие рөлін нығайту қажеттілігі туралы айтады.
Бағдарламаның ағымдағы іске асырылуына қанағаттанушылыққа келетін болсақ, сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру барысына өзінің қанағаттанушылығын білдірді (74,1% -ы жауап нұсқаларының жиынтық көрсеткіші «толығымен қанағаттандырылды» және «мүмкін қанағаттандырылды»). «Рухани жаңғыру» бағдарламасының міндеттерінің орындалуына сұралғандардың 7,6%-ы қанағаттанбаған. Бұл ретте сауалнамаға қатысушылардың 18,3% – ы сұраққа жауап беруге қиналды.
Бұл ретте «Сіздің елді мекеніңізде «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде іс-шаралар өткізілді ме? сұрағына сұралған халықтың 3/4 бөлігі оң жауап берді.
Әлеуметтік зерттеу барысында респонденттерден қоғамдық сананы жаңғыртуды жүзеге асыруға қатысуға дайындықтары сұралды. Сауалнаманың нәтижелері Ақмола облысының халқы өз қатысу мәселесінде белсенді ұстанымды танытатынын көрсетті. Осылайша 71% аталған сұраққа оң жауап берді.
Сұралғандарға «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың тиімділігін 10 балдық шкала бойынша бағалау мүмкіндігі берілді. Алынған нәтижелерге сәйкес бағдарламаны іске асырудың тиімділігін орташа бағалау 7,4-ке тең. Басқаша айтқанда, Ақмола облысының тұрғындары қазіргі таңда қоғамдық сананы жаңғырту тиімділігін 100% – дан 74% – ға жоғары бағалайды.
Одан әрі сауалнамаға қатысушылардан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арнайы жобаларын іске асыру бойынша жергілікті мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелерін бағалауды сұрады. Алынған мәліметтерге сәйкес, барлық 6 арнайы жоба қызметінің нәтижелері сұралғандардың көзқарасы бойынша оң баға алды. Мәселен, жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру жөніндегі жұмысы «оң» деген баға алды (респонденттердің 71,9%). Ақмолалықтар «Жаңа гуманитарлық білім», «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» 77,4% «оң» деп бағаланды. Сұралған тұрғындардың 72,5%-ы «Туған жер» кіші бағдарламасының іске асырылуына оң баға берді. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» және «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» сияқты арнайы жобалар бойынша мемлекеттік органдардың жұмыс нәтижелері респонденттердің 74,7%, 74,8% және 75,7% оң бағаға ие болды.

Эмпирикалық мәліметтердің нәтижелері бойынша бүгінгі күні халықтың көп бөлігі болып жатқан қоғамдық сананы жаңарту үрдістерін терең түсініп, қазіргі заманның қарқынды өзгеріп отыратын жағдайларына табысты бейімделудің маңыздылығын түсінеді деген қорытынды жасауға болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар