«Арқа ажары» әр шаңыраққа деп едік…

Иә, осылай деп едік! Білместікпен айтпаған едік. Білдік. Әлі де өз тілінде сөйлеп, өз тілінде газет-журнал, кітап оқып толыққанды қазақ болып өмір сүре алмай отырған жағдайымызда бар қазақ жабылып келіп «Арқа ажарына» жазылмасын да білген едік. Соны біле тұра әр шаңырақ газет жаздырып алып оқыса екен дедік. Және де жұртшылықтың намысын қамшылап бір көрейік деп едік.

Елге ризашылығымызды білдіреміз! Әсіресе, Есіл ауданының әкімі Талғат Ерсейітов, Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан, Сандықтау ауданының әкімі Асылбек Исмағамбетов, Біржан сал ауданының әкімі Ермек Нұғыманов сынды азаматтарға алғыс айтамыз. Бұл аудандар бойынша біз мөлшерлеп берген «Арқа ажары» 100 пайыздық деңгейде тарап отыр.

2019 жылға баспасөзге жазылуды бастар алдында Ақмола облысының қалалары мен аудандарында тұратын қазақтардың санын статистикалық анықтама арқылы түгендеп алдық та, соған орай әр өңірге бөлдік те, қай ауданға, қай қалаға қанша «Арқа ажарын» таратуға болатындығына бағдар жасадық.
Аяғымыз жеткен жерлерге барып, оқырмандармен, жергілікті әкімдермен кездесіп, «Арқа ажарының» тыныс-тіршілігімен таныстырып отырдық.
Елге ризашылығымызды білдіреміз. Әсіресе, Есіл ауданының әкімі Талғат Ерсейітов, Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан, Сандықтау ауданының әкімі Асылбек Исмағамбетов, Біржан сал ауданының әкімі Ермек Нұғыманов сынды азаматтарға алғыс айтамыз. Бұл аудандар бойынша біз мөлшерлеп берген «Арқа ажары» 100 пайыздық деңгейде тарап отыр.
Жыл сайын «Қазір заман басқа, ешкімді де баспасөзге міндеттеп жаздыра алмаймыз» деген бір құқайлы сөз алдымыздан шығады. Бұл сөздің төркінінде қазақ тіліне деген қауіп жатқандығын сезінсек етті. Әлі де болса орманға қарап көзін сүзіп отырған қазақты тілінен, төл мәдениетінен ажырата түсудің тағы бір амалы осы. Қазіргі күні мемлекеттік тілдің мүддесіне қатысты жайларды, соның ішінде ана тіліндегі баспасөзге жазылудың өзін талап етпейінше ұлттық мүдденің есесін жіберіп аларымыз анық. Осы жай есте болса екен!
Енді «Қазір «Интернет» заманы, қазір ешкім де газет оқымайды ғой» дегенді айтатын ел тізгінін ұстап отырған «ақылды» азаматтар да пайда болыпты. «Интернет» заманы екенін білмей отырмыз ба? Сол «Интернет» заманында, жаһандану заманында, үш тілді бол деп міндеттеп отырған заманда қасиетті Ана тіліміз – Қазақ тілін жоғалтып алмайық, өлтіріп алмайық деп, жанталасып жатқан жайымызды ұғынса етті! Біле білгенге «Арқа ажары» осы Қараөткел мен Көкшетау өңіріндегі ұлттық тіл мен ұлттық мүдденің басты жанашыры, басты ұраншысы емес пе?
Жаңа жылға «Арқа ажары» газетінің таралымы Степногорск қаласында, қазағы қалың дейтін Қорғалжын мен Ерейментау, Бурабай, Целиноград аудандарында кем түсуі де ойландырарлық жай. Әсіресе, Бурабай мен Целиноград аудандары бойынша жағдай жыл сайын қайталанып келеді.
Дегенмен, Жаңа жыл құтты болсын! Бұл жылдың да қуанышы мен қызығы, ырысы мен дәулеті мол болсын! Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» еңбектерінде айтылған ұлттық сана үшін күресімізді бірлесіп жалғастырайық!

«Арқа ажары» газетінің ұжымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар