Міндет жүгі мол

Жақында аудандық мәдениет үйінде Елбасы Жолдауына байланысты Ақмола облыстық полиция департаментінің ақпараттық-насихат тобының жергілікті тұрғындармен кездесуі өтті.

Мемлекет басшысының 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттау мақсатында келген ақпараттық топпен кездесуге ауданның полиция құрылымдарының қызметкерлерімен бірге, аудандық әкімдіктің мамандары, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және аудан орталығы Қорғалжын селосының тұрғындары қатысты.
Елбасы Жолдауында полиция қызметкерлерінің жұмысын жолға қою, қоғамдық талаптарға сай полиция органдарын қайта жаңғырту мәселесі көтерілгендігі белгілі. Осы орайда, полиция органы өз қызметін сапалық жағынан жаңа деңгейге көтеру бағытында тиісті жұмыстар жүргізетін болады. Ең алдымен, полиция қызметінің халық алдындағы беделін арттырып, оған деген жұртшылықтың сенімін көтеру қажет.
Кездесу барысында Елбасы Жолдауындағы халықтың әлеуметтік жағынан әл-ауқатын көтеру бағытында белгіленген міндеттердің қарапайым көпшілік үшін маңыздылығы айтылып, әлемнің озық отыз елінің санатына қосылу үшін маңызды рөл атқаратын сол міндеттерді орындауға барша жұртшылықтың белсене атсалысуы қажеттігі атап өтілді.
Нұрзада СҮЛЕЙМЕНОВА,
Қорғалжын аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар