«Арлан» хоккейшілері Ирландияға аттанды

Көкшетаудың «Арлан» хоккей клубы Ирландияда өтетін Құрлықаралық кубоктің финалдық ойындарына қатысатын жолдаманы жеңіп алған еді.

«Қаңтардың 8-і күні таңғы сағат 08:00-де арландықтар 2018-2019 жылғы Құрлықаралық кубоктің финалдық ойынына қатысу үшін Ирландияның Белфаст қаласына аттанды. Команда Көкшетау – Астана – Лондон – Белфаст бағыты бойынша 6450 шақырым қашықтықты артқа тастайды», деп атап көрсетілген клубтың ресми сайтында.
Еске сала кетейік, өткен жылдың қараша айында жерлес хоккейшілеріміз Францияның Лион қаласында өткен Құрлықаралық кубоктің жартылай финалында үш ойын өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы турнирдің финалында «Арлан» хоккейшілері Ирландияның «Белфаст Джайантс», Польшаның «Катовице» және беларусьтің «Гомель» командаларымен күш сынасады. Біз байрақты жарыста жерлестерімізге жеңіс тілейміз!
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар