Нан және нан өнімдерімен сауда жасаушыларға қойылатын талаптар

Нарықтық жағдайда өнімдер мен қызметтердің сапасы экономикалық жүйенің тиімділігі үшін басты өлшем болып табылады.

Сауда экономиканың қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі.

Экономиканың кез-келген саласы секілді сауда-саттықта тұтынушылық нарықтың дамуына әсер етпейтін жоғары кәсіпкерлік белсенділік қалыптасты. Қазіргі уақытта тұтыну нарығы қанағаттандырылған. Тұтынатын тауарлар тапшылығы, сату және қызмет көрсетудің нарықтық шарттары, ең алдымен, сатып алушылардың қажеттіліктері мен сұранысына бағытталған. Сауда қызметтері және оларды жеткізу үрдісі әлеуметтік мақсаттарға, функционалды жарамдылыққа, эргономикаға, эстетикаға, өндіруге, өнім қауіпсіздігіне, қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес болуы керек. Дүкендер тұтынатын тауарларды бөлшектеп сатуды жүзеге асыратын сауда кәсіпорны болып табылады және оның қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
Нан және кондитерлік өнімдерді сатумен айналысатын коммерциялық қызмет субъектілері осы сауда нысандарында сауда жасау үшін әр сауда мекемелерінде бар ішкі сауда, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар, нормативтік-техникалық құжаттар бойынша басшылық жасайды. Барлық түрдегі меншіктік сауда желісінде нан өнімдерін сату мамандандырылған және фирмалық нан-тоқаш және кондитерлік дүкендерде, азық-түлік дүкендеріндегі нан-тоқаш бөлімдерінде жүзеге асырылады. Нан өнімдерінің әрбір партиясына пештен шығатын уақыты көрсетіле отырып, жүктің шот-фактурасы, сондай-ақ, сәйкестік сертификаты беріледі.
Нан мен тоқаш өнімдерінің дүкені сатып алушыларға арналған металл қысқыш, қасық және пышақ тәрізді жабдықтармен жабдықталуы тиіс. Сатып алушының өтініші бойынша 0,4 келі және одан да жоғары салмақты нан өнімдері (қаптамадағы заттардан басқа) 2-4 бөлікке кесілуі мүмкін. Нан өнімдерін кесу үшін тұтқалар немесе пышақтар пайдаланылады. Бұл пышақтар өткір әрі таза болуы керек. Нан мен тоқаш өнімдері пештен шыққаннан кейін наубайхана мен дүкенде көп жатпауы тиіс. Шартты мерзім өткеннен кейін нан мен тоқаш өнімдерін сатуға тыйым салынады, саудадан алынып тасталады. Мұндай нан тасымалдаушыға кері қайтарылады.
Сапасыз пісірілген нан мен кондитерлік өнімдерді сатқан жағдайда сатушы бұл өнімді тұтынушының өтініші бойынша сапалы нанға немесе кондитерлік өнімге айырбастауы тиіс. Сатылған тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындамаған немесе бұзған кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауап береді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес, әкімшілік және заңды тұлғалар нормативтік құжаттардың талаптары мен сертификаттау ережелерін бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Әйгерім ЖАНДИНОВА,
Ақмола облыстық техникалық реттеу және метрология департаментінің бас маманы,
Ақмола облысының бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар