Табыстан салық, салықтан бюджет құралады

Облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов 2017-2020 жылдарға арналған бюджет кірісін арттыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәжіліс өткізді.

Зерендіде өткен мәжіліске бірқатар салалық департаменттер мен басқармалардың және инспекциялардың басшылары қатысты. Алдымен, осы ауданның мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Жеңіс Тәшенов, аудандық экономика және бюджет бөлімінің басшысы Әсет Құрманғожиннің баяндамалары тыңдалды.
Сонымен қатар, еңбекақы төлеу қоры туралы, мүлік кірісі және заңды тұлғалардың мүліктерін бағалау, эмиссия төлеуде резервтерді табу, еңбек өнімділігін және еңбекақыны арттыру, салық және салықтық төлемдерді молайту тұрғысында бюджет кірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Аудан әкімі Мереке Мұстафин салық төлемдері бойынша есепті толық және уақытылы тапсыру туралы баяндап берді.
Кездесу соңында Қанат Ыдырысов жауапты мекеме басшыларына жергілікті бюджетке қосымша резервтер қарастыру жұмыстарын ширату, салық төлемдерін арттыру және бюджет кірісін тұрақты қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар