Жөндеушілер қарқыны

«Қамқор-Локомотив» ЖШС «Атбасар электровоз жөндеу зауыты» филиалы өз саласы бойынша еліміздегі іргелі кәсіпорындардың бірінен саналады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда барлығы 617 электровоз бар болса, солардың біразы жыл он екі ай бойы күрделі және ағымдағы жөндеуді қажет етеді. Осы ортақ іске атбасарлық электровоз жөндеушілер де өздерінің қажырлы еңбектерімен лайықты үлестерін қосып келеді. Өткен жылы мәселен, мұнда барлығы жүзден астам электровоз әртүрлі жөндеуден өткізілді.
Жұмыстың сапасы мен қарқынына бірдей мән берген кәсіпорын жұмысшыларының іс-қимылы биыл да жаман емес. Ұжымның осы бір ұйымшылдығы мен қажыр-қайратына электродвигатель ақауын ретке келтіретін өз ісінің шебері Ерболат Серікбаевтың да (суретте) қосып жүрген үлесі аз емес.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар