Ұлттық Банкте сақталады

Өткен жылы Ақмола облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 3,3 миллиард теңге аударылды. Бұл қаржы Ұлттық Банкте сақталып, медициналық қызмет төлемдеріне жұмсалып отыратын болады.

2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 қарашасына дейін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шотына аударылған жарналарының жалпы сомасы 4,5 миллиард теңгені құрады. Оның 4,16 миллиард теңгесі жұмыс берушілердің аударылымы, 336 миллион теңгесі жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық жағдайдағы келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғалардың жарнасы. Сондай-ақ, жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлемді уақытында аудармағаны үшін өсім төледі. 2018 жылы Ақмола облысында жарнаны төлеу барысындағы өсімнің жалпы сомасы 13,9 миллион теңгені құрады.
–Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөніндегі заңға сәйкес, төлемнің уақытында аударылмаған сомасы мемлекеттік кірістер органдарымен іздестіріліп, төленбеген әр күн үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 есе ресми мөлшерлемесі көлемінде есептелген өсіммен төлеушілер қор шотына ақша аударады,–дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалының директоры Нұрлан Ақылбеков.
Сондай-ақ, 2018 жылдың шілдесінде енгізілген «Медициналық қызметтің тұтынушысы ретінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу жөнінде анықтама беру» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударылған жарналар жөнінде ақпарат беру» тәрізді жаңа мемлекеттік қызметтің арқасында әр азамат өз жарнасы мен аударылымы тарихының көшірмесін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу мәртебесі жөнінде анықтама ала алады.
Бұл мемлекеттік қызметті тұрғындарға қызмет көрсету орталығы, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен оның өңірлердегі филиалы ұсынады. Жоғарыда айтқандай, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға түскен барлық қаржы Ұлттық банкте сақталуда. Олармен сенімді басқару келісім-шарты жасалған. Кейін қаржы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында көрсетілетін қызмет төлемдеріне жіберіледі.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар