Қолдағы малдың күтімі жақсы

Айбат Есентұров басқаратын «Даниловка» серіктестігі мал шаруашылығын дамытуға көп назар аударады.

Қазір жөндеуден өткен мал қораларында жеті жүзге жуық бас ірі қара мал қыстатылуда. Олардың көбі қазақтың ақбас сиырлары. Малдың қоңды болуы күтімге байланысты екені белгілі. Еңбеккерлер мал қыстатуға жауапкершілікпен қарайды. Мәселен, Долдаш Жанғабыл бағатын ірі қаралар күн сайын салмақ қосуда. Биыл пішеншілер бригадасының қарқынды жұмысының арқасында қажетті жемшөп қоры дайындалған. Малшылар қыстан қысылмай өтетіндеріне сенімді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар