Болашақ өнімнің негізі қалануда

Бұл күндері ауданның егіс алқаптарында қар тоқтату жұмысы жүргізілуде. Қыс айларында 105 мың гектар жердің қарын тоқтату көзделген.

Қазір 27,3 мың гектар алқапқа қар тоқтатылды. Бұл жұмыс «Державинский агропромтехника», «Осана агро», «Дихан-4», «Жер-1» серіктестіктері мен «Әлем», «Теміртау» шаруа қожалықтарында жақсы жолға қойылғандықтан, барлық егіс алқаптарына бір ізбен қар тоқтатылды. Мәселен, «Державинский агропромтехника» серіктестігі жоспардағы 12 мың гектардың орнына 8 мың гектар алқаптың қарын тоқтатты. Дегенмен, жағдай барлық жерде бірдей емес. «Кене-М», «Агрофуд», «Гамул» серіктестіктері қар тоқтатуға кіріспегені алаңдатады. Қазір қардың қалыңдығы 25-30 сантиметр аралығында. Бұл әрине жеткіліксіз.
Мұрат БЕРЛІБЕКОВ,
Жарқайың аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің агрономы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар