«Арлан» клубы жеңіспен оралды

Астана әуежайында Қазақстан тарихында тұңғыш рет Құрлық кубогын иеленген Көкшетаудың «Арлан» хоккей клубын жанкүйерлер мен

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері, журналистер және ойыншылардың туған-туыстары құшақ жая қарсы алды.

Шарада облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкібаев пен Қазақстан хоккей федерациясының төрағасы Андрей Сачук сөз сөйлеп, «Арлан» хоккей клубының ұжымын жеңістерімен құттықтады.
– Бұл отандық хоккей үшін үлкен жеңіс. Оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сіздер тамаша ойын өрнегі арқылы жанкүйерлеріңізге үлкен сый жасадыңыздар, – деді Қазақстан хоккей федерациясының төрағасы. Өз кезегінде «Арлан» ойыншылары да бұл жарысқа жауапкершілікпен дайындалғанын айтты.
– Жарыстың біз оңай болмайтынын о бастан білдік. Командалардың барлығы мықты, ойыншылары да тәжірибелі еді. Сондықтан, тыңғылықты дайындалдық. Бізге қолдау білдіргендеріңіз үшін ұжым атынан алғысымды білдіремін, – деді турнирдің ең үздік ойыншысы атанған «Арлан» хоккей клубының шабуылшысы Евгений Гасников. Шара барысында «арландықтардың» құрметіне шағын флешмоб ұйымдастырылып, жанкүйерлері сүйікті командасымен естелік суретке түсті.

Махаббат БОЛЬШИНА,
Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар