Балыққа қармақ салды

Елбасы Жолдауында атап көрсетілген салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорттық балық аулаудан

аудан чемпионаты өткізілді.

Чемпионаттың ашылуында құттықтау сөз сөйлеген аудандық спорт бөлімінің басшысы Көпжасар Князов аудан бойынша жарысқа қатысқан 18 командаға сәттілік тіледі.
Жарыста бірінші орынды Ларин Андрей мен Филарет Вятчанин, екінші жүлделі орынды Валера Егоров пен Федор Бобровский командалары иеленсе, Қарамыш селолық округінің командасынан әкелі-балалы Василий, Андрей Духовскийлар үшінші орынға табан тіреді. Сондай-ақ, Журавлевка селолық округінің балықшысы Виталий Лашин ең ірі балықты қармаққа қаптырумен ерекше көзге түсті. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Оған қоса, ең ірі және ең жас балық ұстаған балықшылар да тиісті аталымдары бойынша марапатталды.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар