Қазақ білсін!

Келіндерге берілетін бата

Қазақ келіндерінің ата-енелері мен ақсақалдарға шай құйып, ас-тағам əзірлеп, тік тұрып күтуі қалыпты құбылыс. Сондай кезде, төрде отырған қариялар оларға дəм ұсынады немесе табақтың түбін береді, кейде ішіп отырған шайларын береді. Сол сəтте келін орнынан тұрып, ұсынған дəмді алып, қарияларға иіліп сəлем жасағанда қариялар:

Жасың ұзақ болсын,
Күнің шуақ болсын.
Басыңа бақыт қонсын,
Үйіңе жақұт толсын.
Балалы-шағалы бол,
Ағалы-жағалы бол.
Өркенің өсе берсін,
Бақытқа қолың жете берсін! –деп, аталық алғысын жаудырады.

Қарым-қатынас ережелері

● Біреуге көмектесіп, жақсылық істеген болсаң, еш уақытта, тіпті, жылдар өткен соң да, оған ойыңды бұрмалама, оны есіне салма. Бұл – адамның ең қасиетті, қастерлі мінезі.
● Әлде біреуге жабысып, мазасын алатын ызыңнан аулақ бол. Кейбір қиналған сәтіңде өзіңе көмектескен адамға реті келгенде сен де қол ұшын беруге әзір бол. Бірақ сақ бол, абайла, сенің бұл ісіңнің оның өткендегі жақсылығын өтеу екендігін сездірме.
● Адамның ойы таласпен, қарсы пікір айтумен бірге жүреді. Сондықтан байсалды болып, көп күшке түссе де, көңіл-күйіңді орнықты ұстауға тырыс. Сенің іс-әрекетің, қылығың әрқашан заңға негізделіп, ізгілікке, әділдікке сай келетін болсын.
● Қателік жасап, кінәлі болғандармен сөйлескенде, олардың жауыздығы мен дұшпандығынан абай бол. Қарсыласыңмен ізгі ниетпен сөйлес. Олардың жан айқайы мен тілектерін тыңда, жәрдем беруге, өтініштерін орындауға әзір бол.
● Сен оларға деген өшпенділігіңді ауыздықтай біл. Олардың жақсы ниетке ауысуына жағдай туғыз, сенің пікірлеріңді ризалықпен қабылдайтындай болсын, олармен жақсы қатынасыңды әдетке айналдыр.
● Достық деген жарылқап тастаудан емес, жақын, шынайы, таза қарым-қатынастардан туады. Адамдардың достығы бәрінен бұрын үлкен қауіп-қатер мен ұлы шығындардан адамдарды құтқару үшін қажет.
● Өзіңнің жаныңды қайырымды әрі игі істер жасауға бейімде және ізгі істер жасауыңа кедергі келтіретін барлық келеңсіз жайттарды жеңе біл.
● Кісімен сөйлескен кезде оның көзіне тік қарап, айтайын дегенін сабырмен тыңдап, асықпай, сөзінің аяғын күт. Пікірталасқа түсе қалсаң, салмақтылық танытып, шындыққа жанасатын дәлелдермен қарулан.
● Өзіңді ренжіткен адамға қатты соққы берме, жұмсақтылық көрсет. Осындай кездің өзінде өзіңді еркін ұстап, сыпайылық сақта. Әркеттеріңнің артын ушығып кететіндей жағдайға жеткізбеуге тырыс.
● Жауыздыққа қарсы шара қолдану қажеттігі туа қалса, уақыт оздырма. Бұл шараларды жүзеге асыруда тапқырлық пен біліктілік таныт.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар