Кәсібі – нәсібі

«Осана-Агро» серіктестігінің базалық шаруашылығының басшылары Игорь мен Алексей Пугачевтің айтуынша, қой етке өткізілсе де оның саны азаймай, көбейетін көрінеді.

Шаруашылықта қажетті әрі сапалы мал азығы дайындалған. Мұнда 400 аналық қой бағылады. Отардың негізін еділбай тұқымдас қойлар құрайды. Олардың тұқымы Түркістан облысынан сатып алынатын гиссар тұқымдас қойлармен будандастыру арқылы жақсартылады. Шаруашылық мұндай жұмыспен көптен бері айналысып, нәтижесін көріп отыр. Бұл қойлар жергілікті ауа райына бейімделіп, қыстың аязы мен жаздың ыстығына шыдайды. Мәселен, бір жарым жылдық қойдың салмағы 50 келіден асады. Еті де дәмді. Серіктестік мал шаруашылығының тез өсетін саласына назар аударуда. Сондай-ақ, шаруашылықта ет бағытындағы ірі қара мал да бағылады. Қазақтың ақбас сиыр басының саны жүзден асыпты. Бұл малдың тұқымы төрт жылдан бері Бұланды ауданынан асыл тұқымды бұқалар сатып алу есебінен жақсартылуда. Жылқы фермасында үш жүзден астам бие бағылуда. Олар құлындағаннан кейін 50 бас жылқы бордақылауға қойылады. Жылқы етінің бағасы қымбат болса да, Арқалық қаласы мен Жарқайың ауданы тұрғындарының сұранысына ие. Бұл деңгейге сәйкес болу үшін қасапхана салынып, арнайы қондырғылар орнатылды. Серіктестіктің дамуы үшін барлық жағдай жасалуда.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар