Әскери есепке алу жүргізілуде

Облысымызда 17-ге толған жастарды әскери есепке алу науқаны жүріп жатыр.

Құзырлы органдардың дерегі бойынша, Қазақстан Республикасында 2019 жылдың қаңтарынан бас-тап 2002 жылы туған 4 мыңнан астам азаматты әскери есепке алу жоспарланған. Жастары 17-ге толған ұлдар жыл сайын қаңтар-наурыз айлары аралығында жергілікті әскери комиссариаттарға келіп, тіркеледі. Тіркелу жергілікті атқарушы жəне жергілікті әскери органдарымен жүзеге асырылады. Науқан барысында әскерге шақырылушылардың саны, олардың жарамдылық деңгейі, денсаулығы мен білімі анықталады. Әскери есепке тіркеуге шақырылған азаматтарға екі күн бұрын шақыру қағазы беріледі. Онда көрсетілген құжаттармен әскери комиссариатқа уақтылы бару қажет. Тіркеу шараларының қорытындысы бойынша тіркеу куəлігі беріледі.
Сонымен қатар, тіркеу кезінде жастарды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарына шақыру жəне келісім-шарт бойынша əскери қызметтің перспективалары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар