Кәсіпкердің көмегі

Целиноград ауданындағы «Родина» агрофирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Иван Сауэр өз қаражаты есебінен ауыл мектебінің асханасын жөндеп берді.

Родина ауылындағы № 33 орта мектепте барлығы 263 оқушы білім алады. Мұңтаздай тап-таза мектепте оқушылардың білім алуына барлық жағдай жасалған. Осыған дейін мектеп ғимаратына серіктестік қаржы бөліп, қазіргі заманға сай етіп жөндеп берген еді. Енді міне, 42,5 теңге миллион қаржы бөліп, мектеп асханасын қалпына келтіріп отыр. Қазіргі заманға сай етіп жабдықталған асхана облыс орталықтарының кез келген асханаларынан асып түспесе, кем емес.
Родина селолық округінің әкімі Белла Гадзиева, «Рухани жаңғыру» өңірлік кеңсесі жобасының басшысы Мерген Тоқсанбай, аудандық мәслихаттың депутаты Андрей Веревкин аталмыш ауылда болып, мектеп асханасын аралап көрді. Мектеп директоры Елена Нижниктің айтуынша, ай сайын асханада әр ұлттың тағамы әзірленетін болады. Сонымен қатар, асханада ас мәзірімен бірге, елімізде мекендейтін ұлттардың қонақжайлылық салты туралы мәліметтер де ұсынылады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар