Еңбек

Венера Өмірзақова көп жылдардан бері облыста ең ірі кәсіпорындардың бірі болып табылатын Степногорск подшипник зауытында жұмыс істейді. Алғашында ол детальдарды сұрыптау цехында оқушы болды. Қазір толық құрастырудың бақылаушысы болып еңбек етеді. Үлкен ұжымның өнімдері тек қана республикада емес, ТМД елдерінде және алыс шетелдерде үлкен сұранысқа ие. «Степногорск» еуропалық подшипник корпорация-сы» акционерлік қоғамының құрамына кіретін зауыт теміржол транспорты үшін роликтік радиальдық подшипник шығаруға мамандандырылған. Әлемдік нарықта көшбасшы болып табылады. Өнімнің әрқашан жоғары сапалы болуында қатардағы еңбеккер Венера Өмірзақованың да үлесі зор.

Суретте: техникалық бақылау бөлімінің бақылаушысы Венера Өмірзақова.Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар