Жастар қолдауы айқын

Облыс орталығындағы «Достық» үйінің алдында Қазақстан Республикасының Президентін ұлықтау рәсімі құрметіне жастар флешмобқа қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында қайта сайланған Президент Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі құрметіне облыстық ішкі саясат, жастар саясаты мәселелері басқармаларының ұйымдастыруымен өткен шараға          жастар бірлестіктері мен ұйымдары өкілдері және студенттер белсенділікпен қатысты. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Шахмардан Байманов Президент сайлауында ақмолалық жастар белсенділік танытқанын айтып, Президентті ұлықтау рәсімі құрметіне жастардың осылай үн қосуы елдегі тұрақтылық пен жасампаздықтың, береке мен бірліктің белгісі деп атап көрсетті.
Аталмыш шараға түрлі ұлт өкілдерінің жастары атсалысқанын да баса айтып өткеніміз жөн. Флешмобта әсем әндер шырқалып, жастар көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар