Театрдың өнер сапары

Ақмола облыстық орыс драма театры Шымкент және Қарағанды қалаларына гастрөлдік сапарға жүріп кетті.

Ақмола облыстық орыс драма театры төрт онжылдықтың ішінде көрермендерінің жүрегін шынайылықпен, актерлық шеберліктерімен баурап алды. Алға қарыштап қадам басқан облыстық театр өз аудиториясының қызығушылығын тудыратындай ең күрделі дүниелерді жасай білді.
Гастрөл барысында ақмолалықтар Шымкент қалалық орыс драма театры мен К.Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік орыс драма театрларының сахнасында С.Голдонидің «Слуга двух господ» музыкалық комедиясын, П.Морозовтың «Алые паруса» музыкалық феериясын, У.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясын ұсынады. Сондай-ақ, ең кішкентай театр актерлері қазақ халық ертегісінің желісімен жазылған режиссер А.Зайцевтің «Қаңбақ шал» интерактивті қойылымымен қуантатын болады.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар