Ұлттық жоба – ел игілігі

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен кезектен тыс өткізілген ХХХІІ-ші конференцияда партияның кезекті ХVІІІ съезінде қабылданған ұлттық жобаларды жүзеге асырудың барысы қаралып, «Nur Otan» париясының кезектен тыс ХІХ съезіне делегаттар сайланды.

Конференцияны ашқан филиал төрағасы, облыс әкімі Е.Б.Маржықпаев Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған міндеттерін жүзеге асыру баршамыздың қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі екендігін атап көрсетті. Партияның кезекті ХVІІI съезінде «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен» атты ұлттық жобалар қабылданды. Бұл жобалардың барлығы да қазақстандықтардың әл ауқатын жақсартуға елеулі ықпал ететін болады.
–Тәуелсіз еліміз үлкен саяси науқанның қарсаңында тұр. Алдағы 9-шы маусымда Президент сайлауы өткізіледі. Бұл саяси науқанды баршамыз болып зор белсенділікпен ұйымшылдық жағдайда өткізуге тиістіміз ,– деді филиал төрағасы.
Партияластар алдында сөз алған «Nur Otan» партиясы Біржан сал аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Ермек Нұғыманов ауданда «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Аудан бойынша «Бастау-бизнес» бағыты бойынша соңғы үш жылда 88 адам 310 миллион теңге көлемінде несие алып, өз кәсіптерін ашқан.
Мемлекеттік маңызы бар төрт партиялық жобаның бірі – «Бақытты отбасы» жобасы. Аталған жоба бойынша Шортанды ауданында атқарылып жатқан ауқымды істер жайын партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ахмедия Қожамсейітов баяндады. Аудан бойынша мақсатты әлеуметтік көмек алуға 11 отбасы өтініш білдіріп, оларға 1 миллион 893 мың теңге қаражат бөлінген. Партияның қоғамдық қабылдауы негізіндегі Бірыңғай әлеуметтік терезеге 18 көп балалы анадан 23 өтініш түсіп, оның тоғызы оң шешімін тапқан. «Партия ұйымдастырған «Наурыз Challenge» акциясы аясында облыстық, аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесіп 251 отбасына 2,3 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді», – деді өз сөзінде Ахмедия Қожамсейітов.
Ал, Жақсы ауданында «Құтты мекен» партиялық жобасын жүзеге асыру мақсатында 27 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жоспарланып қойған. Бұл пәтерлер әлеуметтік осал топтарға беріледі. Сонымен қатар, 2020 жылы тағы да бірқатар тұрғын үйлердің құрылысы басталмақшы.
Сондай-ақ, конференцияда басқа да партиялық жобалар туралы кеңінен сөз етіліп, оның халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған мән-маңызы түсіндірілді.
Жиын соңында сөз алған партия ардагері, меценат, Есіл ауданының құрметті азаматы Уәлихан Әріпов сөз алып, алдағы сайлау-да әр адам өзінің азаматтық ұстанымын көрсетіп, маңызды науқаннан тыс қалмауға шақырды.
Конференцияда «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезіне делегаттар сайланды.

Динара ДҮЙСЕНОВА,
«Nur Otan» партиясы
Ақмола облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар