Өрттің алдын алған жөн

Өрттің басым бөлігі қыс мезгілінде немесе жылу беру маусымында басталады. Осы кезде тұрғын үйлердің өртенуі күрт көбейеді.

Тұрғындардың пеш жағу тәртібін сақтамайтыны қайғылы жағдайға душар етеді. Кейбіреулер пештің жылуы кешке дейін сақталсын деп мөлшерден тыс отын салады. Осының салдарынан пеш құдықтарының қабырғасы мен мұржасы жарылады. Бұл жағдай өрттің шығуына жол ашады. Кейбір пеш салушы өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтамайды. Мұндай келеңсіздік адамдарды қайғылы оқиғаға душар етеді. Қаланың кейбір көп қабатты үйлерінде пешті пайдалану өзекті мәселеге айналып отыр. Бұрын бұл үйлерге бір орталықтан жылу берілген. Бүгінгі таңда жылу жүйесі жоқ көп қабатты тұрғын үйдің қожайындары өз пәтерлеріне өрт қауіпсіздігі ережесін бұзып пеш салған. Мұржа ретінде ас бөлмесінің желдеткіші немесе газ құбыры пайданылады. Ал, олар мұржаны ауыстыра алмайды. Нәтижесінде желдеткіш қабырғасы жарылып, түтін шыға бастайды. Бұл жағдай өрттің шығуына немесе адамдардың қаза болуына әкеліп соқтырады. Мұндай қайғылы жағдайға жол бермеу үшін пеш салғанда және оны пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауға шақырамыз:
-жанатын материалдар пештен және өзге де жылыту құралдары қойылған жерден алшақ тұруы керек, пеш алдына 50х70 сантиметр қаңылтыр төселуі керек;
– пеш пен мұржаны жылу маусымы алдында және кейін әр үш айда тазалап отыру қажет;
– шатыр астындағы мұржаның маңы әктелуі тиіс.
Пешті пайдалану кезінде тыйым салынады:
– жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға және кәмелет жасқа толмаған балаларға сеніп тапсыруға;
– отын мен жанғыш заттарды пеш үстінде және пеш алдындағы қаңылтырда қалдыруға;
– пештегі отынды тұтандыру үшін бензин, керосин, дизел отынын және тез жанғыш заттар мен сұйықтарды қолдануға;
– үйдің желдеткіші мен газ құбырларын пеш мұржасы ретінде пайдалануға;
– пешті тым қыздырып жіберуге тыйым салынады.
Өрт – тілсіз жау. Бұның бәрі өз мүлкің, денсаулық пен өміріңнің қауіпсіздігі үшін керек! Сақтанғанды сақтайтынын ұмытпаған жөн.
Есенгелді ҚАЖЫҒАЛИЕВ,
Көкшетау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар