Ел тағдырының жауапты сәті

2019 жылғы маусым айының 9 күні кезектен тыс сайлау болатындығы туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үндеуін бәріміз зейін қоя тыңдадық. Бұл – қазақстандықтар үшін маңызды оқиға.

Сайлауды мерзімінен бұрын өткізудің қажеттігі ең алдымен әлемдік экономикалық дағдарыспен және күрделі халықаралық жағдаймен байланыстырылады. Елімізді жаһандық сын-қатерлер кезеңінен алып шығу бағытында Елбасымыздың көптеген саясаты іске асырылды. Әлемде тұрақсыздық орын алған күрделі кезеңде еліміз стратегиялық бағытынан айнымай, қазақ елінің жағдайы біршама көтерілгендігін ескеру керек деп ойлаймын.
Сондықтан, кезекті сайлауда сайланған Президент Елбасымыздың дара жолын әрі жалғайды деген сеніміміз мол. Біз Елбасымыздың арқасында тәуелсіз, қуатты мемлекет құрдық. Қазақстан халықаралық жүйеде өзіне лайықты орнын алды. Көптеген мемлекетке Қазақ елі деген атпен танылдық.
Алдағы сайлау әділ өтеді деген сенімдеміз, әсіресе, жастардың ел мүддесіне қызығушылығын арттыру мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіледі деп ойлаймын.
Г. ШАЛДАНБАЕВА,
Қосшы ауылындағы «Капитошка»
балабақша әдіскері.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар