Елді мекендер мен қалалар бас жоспарға сай дамуы керек

Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен әкімдік кеңесінде сәулет және қала құрылысы басқармасы мен «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсе жұмыстары туралы мәселелер қаралды.

Бірінші мәселе бойынша есеп берген облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы В.К.Фелбелт қазіргі жағдайда облыстың елді мекендері мен қалаларын сәулеттендірулердің өзекті мәселесіне тоқталды. Бұл орайда, 617 елді мекеннің 482-сі бас жоспармен қамтамасыз етілді. Соның ішінде 105 елді мекеннің жаңа бас жоспары бар. Бұл барлық елді мекендердің 78 пайызын құрайды.
Ақмола мен Көкшетау өңіріндегі 17 аудан орталықтары, соның ішінде 8 шағын қалалар 100 пайыз жаңа бас жоспармен қамтамасыз етіліпті. Бұл орайда, Көкшетау қаласы, Қорғалжын ауданы бойынша бас жоспармен қамту 100 пайызға жетті. Ақкөл, Аршалы, Бурабай, Жарқайың, Целиноград аудандарында бұл мәселе ойдағыдай шешілуде.
Облыстың елді мекендерін жаңа бас жоспармен қамту және бұрынғыларына Жол картасы бойынша 2020 жылға дейін өзгерістер жасауда ең әуелі Нұр-Сұлтан қаласы мен Щучье-Бурабай курортты аймағының елді мекендерін және Көкшетау қаласы мен Степногорск қалаларын қамтуға басым көңіл бөлінуде.
Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласының маңында 80-ге жуық елді мекендер болса, солардың 65-нің бас жоспары бар. 2018 жылы астана маңындағы Целиноград ауданына қарасты Новоишимовка, Семеновка, Родина, Приречный, Жалғызқұдық, Краснояр, Тасты, Оразақ, Отаутүскен және Аршалы ауданындағы Анар елді мекендерін дамытудың бас жоспары бекітілді. Биылғы жылы Целиноград ауданындағы Жайнақ станциясын, Аршалы ауданындағы Бұлақсай, Сарыоба ауылдарын және Сарыоба станциясын дамытудың бас жобасын дайындауға облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Бурабай ауданындағы 52 елді мекендердің 47-сі бас жоспармен, соның 13-і жаңасымен қамтамасыз етілді. Көкшетау қаласы бойынша 2011-2018 жылдар аралығында 104 құжат жасалып бекітілді.
Биылғы жылдың 8 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасындағы жарнама туралы кейбір заң актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілгендігін айта келе облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ф.К.Фелбелт осы мәселеге айрықша тоқталып, алдағы уақытта жарнаманы орналастырудың облыстық тәртібі белгіленетіндігін айтты.
–Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамда үздіксіз жүргізіліп келеді,– деді өз есебінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыстық департамент басшысы Б.М.Беспалинов. «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өз жұмысын белгіленген тәртіпке сай бастады. Жыл басынан бері қоғамдық және мемлекеттік орындармен бірлесе отырып, жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмаудың 40-қа жуық шаралары өткізілді.
Істі ширатудың және жемқорлықсыз қоғам қалыптастыру жұмыстары жоспарлы және күнбе-күн жүргізілуде. Әрбір мемлекеттік мекемелер мен ұжымдарда жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде жемқорлыққа төзбестік көзқарас қалыптастыруды басты мұрат санап отырмыз. Сонымен бірге, жастар арасындағы тәрбие жұмыстарын жандандыруды да назардан қағыс қалдырған жоқпыз.
Әкімдік кеңесін қорытындылаған облыс әкімі Е.Б.Маржықпаев өткен сенбі күні Целиноград ауданындағы Қосшы ауылына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жұмыс сапарымен келгендігін айтты. Биылғы қарғын су Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етудің ырғағын бұзғандығы орын алды. Жедел шара қолданылудың нәтижесінде тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету жолға қойылды. Жаңадан мектептер салынатын болды.
–Ендігі арада әрбір елді мекендер, қалалар мен кенттер бас жоспарға сай дамытылуы керек,– деді облыс әкімі Е.Б.Маржықпаев. –Және де бас жоспардың орындалуы ұдайы қадағалауда болғаны жөн екендігін айтты. Бас жоспармен барлық елді мекендерді қамтуды аяқтау қажет. Бұл орайда, бизнес өкілдерін тарта білген жөн.
Көктемгі дала жұмыстарын ұйымшылдықпен өткізу, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасыларына нақтылы көмектер көрсету, туризмді дамыту мәселелері де ұдайы назарда болу қажеттігін айтқан облыс басшысы бұл орайда нақты тапсырмалар берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар