Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қосшы ауылының ахуалымен танысып, тиісті тапсырмалар берді - АРҚА АЖАРЫ

Қосшы ауылының ахуалымен танысып, тиісті тапсырмалар берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы ауылына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында инженерлік-көлік инфрақұрылым ахуалымен танысып, жергілікті су тарату стансасын аралап көрді. Қазақстан Президентіне сумен жəне электр қуатымен қамтамасыз ету мəселесін шешу жөніндегі тапсырманың орындалуы туралы баяндалды.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Р.Қошқарбаев атындағы №1 орта мектепке барды. Мемлекет басшысы мұғалімдермен жəне оқушылармен əңгімелесу барысында сапалы білім алу үшін елімізде барлық қажетті жағдай жасалғанын айтты.
Қазақстан Президенті ауыл тұрғындарының саны жылдам өсіп келе жатқанын, аталған жағдай азаматтардың тұрмыс сапасына кері əсер етпеуі керек екенін айтты. Үш ауысымды мектептердің мəселесін шешуге бағытталған шараларға ерекше назар аударды.
– Біз бұл мəселені жақсы білеміз жəне Қосшы ауылында 1200 орындық мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Тиісті қаражат бөлінді. Аталған мəселе менің бақылауымда болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы бұл елді мекеннің халқы ресми есептелген межеден көп артып кеткенін айтты.
– Статистикалық мəлімет бойынша кент 16 мың адамға есептелген. Бірақ, іс жүзінде 50 мыңнан астам халық тұрады. Бұл ауданның əлеуметтік саласына үлкен салмақ түсіреді. Аталған мəселені облыс басшылығымен талқылап, жүйелі түрде шешетін боламыз, – деді Қазақстан Президенті.
Сапар қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы кемшіліктерді қалпына келтіріп, ауылды одан əрі дамыту үшін Үкіметке жəне Ақмола облысының əкімдігіне нақты тапсырмалар берді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар