«Роман-газета» Баянғали Әлімжановтың шығармаларын жариялады

«Роман-газета» – 1927 жылдан бері ай сайын шыққан, ал, 1957 жылдан бастап айына екі рет жарық көретін кеңес және Ресей әдебиет журналы. Кей жылдары 1 миллиард 300 миллион данамен тараған кездері болды.

Әдетте журналдың әр санында бір автордың туындысы жарияланып отырады. Бұл журналға шығу кез-келген қаламгер үшін оңай-оспақ іс емес. Ең таңдаулы деген жазушылардан тұратын журналдың редакциялық алқасы басылымда өздері қоятын жоғары талаптарға жауап беретін әдеби дүниелерді таңдап қана жариялайды. Бүгінгі күнге дейін бұл журналдың 90 жылдан астам тарихында оның беттерінде танымал орыс жазушыларынан басқа, шет елден жүзден артық жазушының ғана шығармалары жарық көргенін айта кетсек те жеткілікті.
Міне, осынау аса беделді, талғамы зор «Роман-газетаның» биылғы жылдың жетінші санында жерлесіміз Баянғали Әлімжановтың орыс тілінде жазылған «Разрешите жить!» повесі мен «Сказ столетнего степняка» романының жариялануы бүкіл қазақ әдебиеті үшін үлкен абыройға баланар соны жаңалық екені айдан анық. Бұл ендігі жерде екі тілде жазатын талантты қаламгеріміз Ресей мен одан да тысқары жерлерде ондаған мың тиражбен таралатын осы әйгілі әдеби журналдың арқасында төл әдебиетімізді біраз елдер мен оқырмандарға одан әрі таныта түседі деген сөз. Олай болса, біз де газетіміздің тұрақты авторын осы зор табысымен құттықтап, жаңа шығармашылық биіктерден көріне беруіне тілектестігімізді білдіреміз.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар