Жалақы қарызы өтелді

Қорғалжын аудандық прокуратурасы еңбек ұжымдарындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында «Өрлеу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен «Қорғалжын аудандық ауруханасы» мемлекеттік мекемесінде қызметкерлермен кездесу өткізуді жоспарлауда. Бұған негіз де жоқ емес сияқты.
Мәселен, 2019 жылдың қаңтар айындағы мониторинг барысында «Ақмола су арнасы» (бұрынғы) кәсіпорнында ұжым мүшелерінің еңбекақысы 3 айға кешіктірілгені анықталып, прокурорлық ықпал ету жұмыстары жүргізілген. Атап айтқанда, аудан прокуроры аудан әкімі орынбасарының, «Казводхоз» республикалық мекемесі өкілдерінің қатысуымен Сабынды ауылында «Ақмола су арнасы» МКК ұжымымен кездесу өткізді. Мұнда да жұмысшылардың жалақысы мәселесіне қатысты әңгіме өрбіп, аудан прокуратурасы тарапынан еңбекақы қарызын қысқа мерзімде өтеу туралы талап ұсыныс жасалды. Осының нәтижесінде күрделі мәселе оңтайлы шешіліп, 59 жұмысшыға тиесілі 14 миллион теңгенің жалақы қарызы өндіріп алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Қорғалжын ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар