Ұлы Жеңіс жауынгері

Саттар Жақанов

Ұлы Отан соғысына он сегіз жасында аттанған Саттар Жақанов екінші Беларусь майданында жаумен шайқасып, Жапониямен болған соғысқа қатысқан.

Бүгінде 90 жастан әрі аттаған ақсақалдың майдандық өмірінен аялап, есінде ұстап келе жатқан бір естелігі, Берлиндегі жау ұясы – Рейхстагқа бірінші болып Жеңіс туын тіккен Халық Қаһарманы, жерлесіміз Рақымжан Қошқарбаевпен бір полкта әскери қызмет атқарып, оны көзімен көргені.
Саттар аға майдан даласында снайпер болған. Сол кездегі жауға деген өшпенділігі мен батылдығының белгісіндей, кеудесінде «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдары және басқа да түрлі наградалар жарқырайды. Ұлы Отан соғысынан оралғаннан кейін қарт ардагер Бурабай және Самарбай орман шаруашылықтарында орманшы болып қызмет атқарып, қоршаған ортаны сұғанақ қолдардан қорғап, сақтау ісіне сүбелі үлесін қосты. Әлі күнге қос майданның ері ретінде туған ұжымы мен былайғы жұртшылық арасында зор құрметке бөленіп келеді. Бұл күнде өмірлік жары Зейникәмал апай екеуі бақытты тұрмыс кешіп, бала-шағасының қызық-қуанышын көріп отыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар