Тағайындау

Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң және мәслихаттардың келiсiмдерi бойынша Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өз өкімдерімен Бұланды, Қорғалжын, Ақкөл, Есіл аудандарының әкімдерін тағайындап, актив жиналыстарын өткізіп, жаңа әкімдерді таныстырды. Алда тұрған міндеттерді белгілеп, нақтылы тапсырмалар берді. Облыс басшысы Есіл қаласындағы орталық қазандықтың жұмысымен танысты. Бұл қазандыққа тағы да жаңадан 67 нысан қосылмақшы. Әкім аудан орталығын дамытуға назар аудару қажет екендігін атап көрсетті.

Бұланды ауданының әкімі Талғат Аманбайұлы Ерсейітов 1974 жылы Целиноград облысы Астрахан ауданында туған. Ол Целиноград ауыл шаруашылығы институтын және Басқару институтын бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы Астрахан ауданы әкімінің аппаратында маман болып бастады. 1997-2007 жылдары Астрахан ауданы бойынша салық комитетінде түрлі жауапты лауазымдарды атқарды. 2007 жылы Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланды. 2009-2012 жылдары Астрахан ауданы әкімі орынбасары болып қызмет атқарды. 2012-2017 жылдары – Астрахан ауданының әкімі. Ол осы тағайындауға дейін Есіл ауданы әкімі болып қызмет атқарды.

 

Қорғалжын ауданының әкімі Берік Амантайұлы Жанбаев 1968 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін және Қарағанды экономикалық университетін бітірген. 1990-1999 жылдары Арқалық қаласының орта мектебінде тарих мұғалімі болып істеді, 1993-2000 жылдары жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың аппараттарында жауапты қызметтер атқарды. 2000-2012 жылдары – Целиноград ауданы әкімінің орынбасары, 2012-2014 жылдары – Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарды. 2015-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы Целиноград аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып сайланды. Ол бұған дейін Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы болды.

 

Ақкөл ауданының әкімі Алпысбай Қуандықұлы Қайыржанов 1983 жылы Ақмола облысы Шортанды ауданында туған. Алматыдағы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген.2006-2009 жылдары жеке меншік секторда істеді. 2009-2010 жылдары – Шортанды ауданы Шортанды кенті әкімінің орынбасары, кейін әкімі, 2010-2014 жылдары Шортанды ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болды.
Осы тағайындауға дейін Шортанды ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

 

Есіл ауданының әкімі Серік Мырзасейітұлы Балжанов 1980 жылы Есіл ауданы Есіл қаласында туған. С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін және «Туран-Астана» университетін бітірген
2002-2005 жылдары ҚР АШМ Целиноград аудандық аумақтық басқармасының маманы болып істеді. 2005-2015 жылдары – жеке кәсіпкер, 2015-2016 жылдары Есіл ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болды. V шақырылған Есіл аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды.
Ол осы тағайындауға дейін Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар