Велонауқан байрағын көтерді

Бурабай курортты аймағындағы «Burabay Land» тақырыптық паркінде Қазақстан халқының бірлігі күні мен Жастар жылына арналған дәстүрлі веложарыс өткізілді.

Биылғы жылғы велонауқан байрағының көтерілуін паш еткен шараны Ақмола облыстық туризм басқармасы ұйымдастырды.

Дәстүрлі шараның ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Марат Иғалиев құттықтау сөз сөйледі.
–Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың атынан жарысқа қатысушылар мен жиналған қауымды құттықтаймын және сәттілік тілеймін,–деді М.Иғалиев.–Бүгінгі шараға 200-ден астам адамның қатысып отырғаны жұртшылықтың салауатты өмір салтын дамытудағы ықыласын, Бурабай курортты аймағының тартымдылығын байқатады. Сіздердің араларыңызда отбасымен бірге келіп, мәре жолына шығуға дайындалып жатқандар да бар. Өлкедегі велонауқанның ашылуымен тұспа-тұс келген жарыста баршаңызға табыс тілеймін. Біз сіздерді көркем Бурабайда қарсы алуға әрқашан дайынбыз.
Шараның ашылу рәсімінде Көкшетау қалалық велоқауымдастығының жетекшісі Ерлаз Жайықбаев бүгінгі жарысқа кәсіби спортшылар және Нұр-Сұлтан қаласындағы «Вело Топ» командасының өкілдері, сондай-ақ, әуесқой шабандоздар да қатысатындығын атап өтті. Олардың барлығына техникалық қауіпсіздікке байланысты нұсқалар берілді.
Бұқаралық веложарыс халықаралық деңгейдегі 28 километрлік жаңа трассада өткізілді. Ел астанасынан келген шабандоз Игорь Дорошевтің айтуынша, «Жарысқа қатысушылардың барлығы жеңімпаз деп саналады. Шараға қатысушылар алдында жергілікті көркемөнерпаздар тамаша концерт қойды. Алған әсеріміз мол. Әсіресе, ғажап Бурабайдың тамылжыған табиғаты таңқалдырды».
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар