Кездесуде келелі мәселелер көтерілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Берік Оспанов, Роман Ким және Айқын Қоңыров Шортанды облысында жұмыс бабындағы сапармен болды.

Сапар барысында олар А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ұжымымен кездесіп, көпбейінді зертханалардың, дәлдік жер өңдеу жобаларын басқару орталығының жұмысымен танысты.

Орталықтың еңбек ұжымымен кездесуде халық қалаулылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер, «Ауыл – ел бесігі» ұлттық жобасының орындалу барысы және ауданда мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу жайы тақырыбында пікір алмасты. Кездесу пікір алмасу түрінде құрылып, депутаттар азаматтардың ұсыныстарын мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап қайтарды.

Бұл тұрғыда, негізінен, аграрлық сектор өкілдерін әлеуметтік қолдау мәселелері толғандыратыны байқалды. Сонымен қатар, ғалымдардың аграрлық мамандар «Дипломмен–ауылға!» бағдарламасына енгізілмей қалуына қынжылыс білдіруі қолдауға тұрарлық деп ойлаймыз.

Мәжіліс депутаттары «Петровское» акционерлік қоғамының өндірістік буындарындағы кездесуде ауыл шаруашылығын қолдау шараларын талқылады. Сондай-ақ, ауыл өміріне қатысты өзекті мәселелерге көңіл аударылды. Соның бірі ретінде «Жолымбет-Пригородное» бағытындағы жолдың көптен бері жөндеу көрмей келе жатқандығы айтылды.

Халық қалаулылары тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің барлығы жеке бақылауларында ұсталатынын мәлімдеді.

Бақберген Амалбеков,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

         Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар