«Мәңгілік елдің мұрагерлері»

  Жастар жылына орай, Көкшетау қалалық үлгілі қазақ кітапханасының ұжымы «Мәңгілік елдің мұрагерлері» атты жаңа жобаны қолға алды.

Қанатқақты жаңа жоба аясында өнерімен елге танылып, Көкше өңірінің абыройын асқақтатып жүрген талапты да талантты жастардың бағындырған белестерін, жеткен жетістіктерін насихаттап, рухани қолдау көрсетіп, өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсаты көзделіп отыр.
Аталмыш жобаның ашылу салтанатына қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Анаргүл Мұхамедқалымқызы, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты Көкшетау қалалық филиалының басшысы Аян Хафиз, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірлік жобалық кеңсесінің өкілдері: Қуаныш Оспан, Мерген Тоқсанбай, Серғазы Қайырболды, Табысбек Үсен, сондай-ақ, республикалық дәстүрлі әншілер арасындағы «Алтын домбыра» иегері Аслан Мұхамедияров, еркін күрестен төрт дүркін Қазақстан чемпионы Ернар Қараманов, республикалық, облыстық ақындар айтысының жүлдегері, Көкен Шәкейұлы атындағы ақындар мектебінің жетекшісі Мұхаммед Қоңқаев, Көкше өңірінің атынан республикалық көңілділер мен тапқырлар ойынына қатысып жүрген «Көкше серілері» құрамасы және жоғары техникалық колледж студенттері, қала жастары қатысты.
Жиын барысында сөз алған қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Анаргүл Мұхамедқалымқызы жаңа жобаны қолға алған кітапхана қызметкерлеріне алғыс білдірді. «Nur Otan» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ Көкшетау қалалық филиалының басшысы Хафиз Аян Бауыржанұлы ағымдағы жылы жастарға үлкен жауапкершілік жүктелген жыл екенін атай келе, жүктелген міндеттерді бірлесе атқаруға шақырды. Еркін форматта өткен жиын жастармен ашық сұхбат ретінде өрбіді. Республикалық дәстүрлі әншілер арасындағы «Алтын домбыра» иегері Аслан Мұхамедияров өз өнерін ортаға салса, еркін күрестен төрт дүркін Қазақстан чемпионы Ернар Қараманов жетістікке қажырлы еңбегімен, мұқалмас жігерімен, талмас табандылығымен жеткенін айта келе, жалпы, жастарды спортпен шұғылдануға шақырды. Мәдени шара барысында «Мәңгілік елдің мұрагерлері» жобасы аясында жыл бойы Көкшенің үкілеген үміті болып жүрген осындай талантты жастармен түрлі формада іс-шаралар өтетіні айтылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар