Степногорскінің табысы салмақты, алдағы жоспары айқын

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин Степногорск қаласының әкімі Еркебұлан Баяхметовтің халық алдында есеп беру кездесуіне қатысып, сөз сөйледі. Әкім өз сөзінде Елбасының Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауынан және Үкіметтің кенейтілген отырысында алға қойған міндеттерді жүзеге асыру басты міндет екендігін атап көрсетті.

–Әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы мемлекеттік саясат Елбасының қолданыстағы бастамалары мен стратегиялық бағдарламалық құжаттарды, оның ішінде 2018 жылы Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын басшылыққа алу арқылы жүргізіледі, –
деді Еркебұлан Еркешұлы сөз басында. Астананың кең көлемде аталып өткен 20 жылдығы моноқала ретінде Степногрскідегі жаңғыртуларға да дем берді.
Бұдан кейін әкім, электронды деректер арқылы, қала шаруашылығының барлық саласындағы табысты қадамдарға талдау жасады. Бұл орайда бюджет мәселесінен таратып айтылған сөздерде көп мәселе жатқанын айтқымыз келеді. Есепті кезеңде бюджеттің барлық буындары бойынша 16,8 миллиард теңгенің салық пен төлемдері есепке алынған. Бұл 2017 жылғы деңгейдің 146,3 пайызы. Мұның ішінде, жеке меншік кірістер жоспары 108,2 пайызға орындалыпты. Ал, республикалық және облыстық бюджеттерден трансферттерді есептегенде 7,7 миллиард теңге игерілді немесе жоспар толық көлемінде орындалып отыр. Мұның өзі 2019 жылы қала бюджетін 11,2 миллиард теңге сомасына жоспарлауға мүмкіндік береді.
Индустриялды қала 2018 жылы 136 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімдерін шығарды. Бұл Ақмола облысының өнеркәсіп өндірісіндегі Степногорскінің үлесі 21,1 пайызды құрайды деген сөз. Қала әкімі осы ретте өндіріс көлемін 2 есе өсірген «Қазақалтын Технолоджи» ЖШС, 20-дан 54 пайыз аралығындағы көрсеткішке қол жеткізген «ЕПК Степногорск» АҚ, «Степногорская ТЭЦ», «Astana-Nan Chemikals», «Қазатомөнеркәсіп», «Альфа Органик» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жемісті жұмысын атап өтті. Сондай-ақ, әкім «Қазақатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ химиялық қоспалар жеткізілімі көлемін 1,5 пайызға төмендеткенін айту арқылы ұжымды жігерлендіргені де жарасып тұрды.
2018 жылғы қала экономикасына 21,4 миллиард теңге инвестиция бағытталса, мұның 97,7 пайызы жеке тұлғалардың үлесінде. Осының нәтижесінде жаңа өндіріс ошақтарының саны көбейген. Ақмола облысының өңірлік даму картасы шеңберінде, 2018 жылдың наурызында «Қазақалтын Технолоджи» ЖШС Бестөбе кенішінде техногендік минералдың түзілуін қайта өндеу жөніндегі екінші фабриканы пайдалануға берді. Былтыр облыстың аумақтық үйлестіру Кеңесі кәсіптік даму картасына топырақ құнарлылығын арттыру үшін «Биотрон» ЖШС жобасын енгізді. 2019 жылы қаладағы өнеркәсіп кәсіпорындары техникалық жарақтандыру мен өндіріс көлемін ұлғайту бойынша жұмысты әрі қарай жалғастырады.
Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімнің көлемі 4,5 миллиард теңгеден асып, нақты көлем индексі 97,5 пайызды құраған. Мұны қала әкімі есепті кезеңде мал мен құс санының өскендігімен байланыстырды. Ал, өңірге жақсы мәлім «Қазақстанның Жылыжай Технологиялары» ЖШС қолданыстағы кешенді кеңейту шеңберінде жаңа бөлімді пайдалануға қосса, «Байғазы» ШҚ базасында мал бордақылау фермасы жұмыс істей бастады.
Е.Баяхметов мемлекеттік қолдау шаралары кәсіпкерлік қозғалысты өрістеткеніне нақты мысалдар келтірді. Қазіргі күні әртүрлі салаларда 3,5 мыңдай нысан жұмыс істейді екен. Шағын бизнестен бюджеттің барлық деңгейлеріне 2,3 миллиард теңге салық түсіп, 506 жаңа жұмыс орны құрылған. Мұнда бөлшек тауар айналымы 27,0 миллиард теңгені құрайды. Шағын бизнес өкілдері бағаны тұрақтандыру мақсатында 687 миллион теңгенің әлеуметтік сұраныстағы тауарларын айналымға енгізген.
Қалада жалақының орташа айлық мөлшері 145 393 теңгеге жетіп отыр. Бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 114 пайызға тең. Осы көрсеткіш бойынша Степногорск Ақмола облысының аудандары мен қалалары арасында көшбасшысы болып табылады.
Әлеуметтік көмектің барлық түрлерімен 5138 адам (88 миллион теңге) қамтылды. Ерекше мұқтаждағы тұлғалардың өмір сапасына айрықша назар аударылады. 2018 жылы 61 адам жұмысқа орналастырылыпты. Мұндай санаттағы 63 адамға «Инватакси» қызметі көрсетілсе, бұл кісілерге 70 сурдо-
аудармашы мен жеке көмекші бекітілген. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде, 2018 жылдың сәуір айынан бастап «Өмір» тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы жұмысын бастағаны айтылды. Ғимаратты Асаубаевтар отбасы сыйлыққа берген. Білім беру саласындағы жұмыс жаңартылған мазмұнға көшірілді, – деді Е.Баяхметов. Қала мектептері ақпараттық-коммуникативті технологияларды кеңінен пайдалануда. Барлық мектептер кеңжолақты ғаламторға қосылған. Былтырғы Білім күнінде №6 мектеп-гимназия, №5 көп салалы мектеп-лицей мен мектепаралық оқу-өндірістік комбинатта ІТ-сыныптар ашылды. 2019 жылы осындай сыныптармен барлық мектептеріді қамту жоспарлануда. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде, «СТХК» ЖШС қолдауымен, қажетті мамандықтар бойынша бизнес-инкубатор, бағдарламалау және құрастыру дағдысын оқыту үшін 3D модельдеу зертханасы мен робоклуб жұмыс істейді. Білім беру нысандарына өткен жылы 57 миллион теңге бөлінсе, 2019 жылға 66,3 миллион теңге қарастырылды.
Денсаулық сақтау саласын кадрлық қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы аурухана мен емханаға 12 дәрігер жұмысқа орналасты. Қазіргі күні арнайы жолдамамен 8 адам медициналық жоғары оқу орындарында білім алып жатса, 2018 жылы емхана ұжымына 5 пәтер бөлінді. Денсаулық сақтау саласын цифрландыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Қала мен кенттердің күзгі-қысқы маусымдағы тіршілік ету жүйесінде ауытқушылық жоқ.
«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде, республикалық бюджет қаражаты есебінен 2018 жылы Шаңтөбе кентінде қазандық пайдалануға берілді. Ұлттық қордың бюджеттік несиесі есебінен Ақсу және Заводской кенттеріндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, Шоқы-305 су тазарту қондырғысын қайта құру жобасын іске асыру басталды.
Қаланың тұрғын үй қорын молайту және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, жетінші шағын аудандағы №52 көппәтерлі тұрғын үй қалпына келтірілді.
«Цифрлық Қазақстан -2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018 жылы қаланың тұрғын және әкімшілік ғимараттарында QR-кодтары бар 341 аншлаг орнату бо-
йынша жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ, «Smart Stepnogorsk» веб-сайты мен қосымшаларын әзірлеу басталды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде, орталықтандырылған кітапханалық жүйені цифрландыру, ауылдық кітапханаларды жаңғырту бо-
йынша жобалар іске асырылды. Бүгінгі күні электрондық кітапхана сатып алынып, табысты жұмыс істеуде. Шаңтөбе мен Бестөбе кенттерінде, Қырыққұдық ауылында модельді кітапханалар ашылды және қалалық тарихи-өлкетану мұражайының экспозицияларын жаңарту жұмыстары жүргізілді.
Бақберген АМАЛБЕКОВ.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *