Байқаудан жүлдемен оралды
Таяуда «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 1-7 сынып оқушыларының XIV «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық байқауы өтті.
Байқауда еліміздің барлық өңірінен келген 500-ден аса оқушы өзара бақ сынасты. Ақмола облысының атынан Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Сандықтау, Шортанды аудандарынан, Көкшетау, Степногорск қалалары мен Көкшетау қаласындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан барлығы 18 оқушы қатысты.
Зерттеу әдістерін дамыту, зерттеу дағдыларын жетілдіру арқылы бастауыш және негізгі мектеп оқушыларының зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында өткізілген екі күнге созылған байқау қорытындысының нәтижесінде Ақмола облысының он бір оқушысы І дәрежелі дипломдармен марапатталды. Олардың қатарында Көкшетау қаласындағы С.Жүнісов атындағы №18 орта мектебінің 3-сынып оқушысы Жаннұр Саятбекқызы, №1 Көкшетау орта мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы Бағытжан Мансұр, Абай Құнанбаев атындағы №6 Степногорск мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушысы Арина Гридасова, №3 Шортанды қазақ орта мектебінің 3-сынып оқушысы Кәусар Сұраухан, Торғай орта мектебінің 5-сынып оқушысы Нұртуған Ақтансері, Щучинск қаласындағы №5 орта мектебінің 4-сынып оқушылары Лейла Бархинкоева мен Нұрай Нұрманова, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 6 сынып оқушылары Амантай Жақсылық пен Дариға Башарова, №17 Көкшетау орта мектебінің 4-сынып оқушысы Анастасия Краснопольская, Сандықтау ауданындағы №1 Балқашин орта мектебінің оқушысы Никита Савиди бар.
Сонымен қатар, жүлделі ІІ және ІІІ орындармен бірқатар оқушылар марапатталып, облыс абыройын асқақтатты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Пікір қалдыру