Қазақ білсін!

Әдептілік тәрбиесі

● Ақылды бол және ақылыңды дұрыс пайдалан. Бақытты болудың басты құпияларының бірі – ұсақ-түйекке бола налымай, ақыл-ойы мен адал еңбегінің жемісін дұрыс пайдалана білу. Ақылды адам істі ойдың нәріне, сөздің мәніне қарап бағалайды.
● Істеген істеріңе есеп бер. Өзіңнің іс-әрекетіңнің қаншалықты дұрыс-бұрыстығына көз жеткізгің келсе, оны өзіңнен ақыл-есі төмен емес, қатарластардан немесе өзіңнен жоғарыдағылардан сұра.
● Көпті көрген даналардан ақыл ал. Өзінің ақылы шолақтығын мойындайтын адам ақылды адамнан көп нәрсе үйреніп, ақылы толысуы мүмкін. Ал өзін дүниедегі ең ақылды санайтын ақымақ адамға ешқашан ақыл кірмейді.
● Ақылды және адамгершілігің мол болса, өзіңнің пендешілік нәпсіңді тыя аласың. Сен өзіңнің осы деңгейіңе шүкіршілік ете отырып, әрбір істен өзіңе сабақ боларлық тағылым іздеуге тиіссің.
● Сен әрдайым әр нәрсені үйреніп алуға тырыс. Өйткені ақылды адам – ақыл айтқан адам емес, ақылды адам – білмегенін білуге ұмтылған адам.
● Жанжалдан, ұрыс-керістен бойыңды аулақ ұста. Өйткені жанжалдасу екі жаққа да береке әкелмейді. Ойланбай және орынсыз айтылған мақтау да, даттау да қауіпті. Кейде пікірталастың өзі ұрыс-керіске айналады. Себебі, әркім өзінікін растауға тырысады және дөрекі мінез-құлқымен бір-бірінің ашу-ызасын оятады.
● Әрбір сөзіңе есеп беріп, сақтықпен сөйле. Өзіңе белгілі әңгімені ғана айту керек. Орнымен сөйленген бір ауыз сөз кісіні құрметке бөлейді, орынсыз айтылған сөз жеккөрінішті етеді.
● Өзгенің қатесін түзеп, ақыл айтпастан бұрын, өз-өзіңді аяусыз сынап, дұшпаның мін таға алмайтындай болуға ұмтыл. Кімде-кім адал болып, жақындарын жауықтырмаса, ол адамның ары таза болғаны.
● Қарапайым, бірқалыпты еңбектен қол үзбей өмір сүр. Бұл адамға күш береді және адам ұзақ жасайтын болады. Сондай-ақ, өзіңе жақын адамдардан және айналаңдағылардан пайдалы іспен айналысуларын талап ет.

Киелі кіндік

Ертеректе қазақтар мемлекеттің орталығын, яғни, астанасын кіндік қала деп атаған. Демек, ол бас қала деген сөз. Ал, адам кіндігінің маңызы қандай?
Анасының құрсағында жатқанда бала кіндік арқылы шешесімен жалғасып жатады. Әулие ақын Шәкәрім:
Кіндікті кесіп қиғанында,
Анамнан кеттім алыстап,–
дейтіні сондықтан.
Адам организміндегі ең асыл мүше. Оны жалаңаштап жүру – әсіресе, бойжеткен қыз балаға, болашақ анаға шексіз күнә.
…Автобус лық толы. Орындықта отырған сақал-шашы аппақ құдай қария кісінің қарсы алдында тұрған бойжеткен… Жалаңаш кіндік… Адамдар лықсып итергенде, әлгі қарттың
аузына барып тіреледі. Сонда ақсақал әлгі қызды дәл кіндігінен түйіп кеп жібереді.
–Не болды?!
–Найсап!–деді. –Бала көрмей өтесің!–деді.
Сірә, айтқаны келетін шығар.
Мұндай қасіретке ұшырайтын әлгі байғұс қана ма екен?
Көп қой! Батыстың имансыз қылығына еліктеген ессіз көбелектер! Тозақ отына күйеді-ау…
Соны сезбейді ғой.
Қоғам қайда?
Ата-ана қайда?
Мектеп қайда?
Обал болды ғой.
Бір кем дүние.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *