Сайлауға дайындық пысықталды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев аумақтық сайлау комиссияларының төрағаларымен кездесу өткізіп,

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге дайындық барысын талқылап, пысықтады.

Ақмола облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Николай Политкиннің айтуынша, сайлау учаскелерінің шекараларын және сайлау комиссияларының құрамын айқындау үшін өңірде ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Сайлауға 744 сайлау комиссиясы, оның ішінде 20 аумақтық және 724 учаскелік сайлау комиссиялары тартылатын болады.
Жергілікті атқарушы органдар сайлаушылардың тізімдерін анықтап, пысықтап жатыр. Ақмола облысының ресми Интернет-ресурсында азаматтар ЖСН арқылы сайлау учаскесіне бекітілгені туралы ақпаратпен таныса алады.
Өзінің сөзінде облыс әкімі
Е.Б.Маржықпаев «Қазақстан Респуб-ликасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң мен Орталық сайлау комиссиясының негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.
Сайлау комиссияларының төрағаларына азаматтардың сайлауға қатысу тәртібі туралы кең көлемді хабардар ету, сайлау учаскелерін, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше назар аудару, сайлау учаскелерінің талапқа сай жабдықталуы және мүдделі органдармен бірге сайлау тізімдерін нақтылау бойынша міндеттер қойылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар