Жоғары білімді маман даярлаудың жауапкершілігі зор

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айгүл Нұркина, Жәмила Нұрманбетова, Айзада Құрманова және

Меруерт Қазбекова Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде Елбасының Жолдауын және қазақ мемлекеттілігін нығайтуға бағытталған 5 институционалдық реформаны түсіндіруге арналған кездесу өткізді. Халық қалаулыларымен облыстық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов бірге болды.

Депутаттар Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізінде университеттің фойесінде орналасқан студенттердің қолданбалы жұмыстарының көрмесімен танысты.
– Өздеріңіз байқағандай, өткен жылы ашылған медицина факультетіне облыс әкімдігінен арнайы гранттар бөлініп, факультеттің студенттері кадр мәселесін толтыруға үлес қосуда. Ал, Үндістаннан келген қыздар мен жігіттер өз елдеріне медициналық білімін жетілдіріп аттанатын болады, – деді университет ректоры Марат Сырлыбаев.
Болашақ дәрігерлер заманауи құрылғылармен жабдықталған оқу залдарында дәріс алады. Университетке облыс әкімдігі сыйға тартқан жабдықтарға жүз миллион теңгеден астам қаражат жұмсалып, әлі де жаңартылатын болады.
Факультет деканы Светлана Мұратбекованың айтуынша, факультетте виртуальды клиника бар және ресейлік және даниялық ғалымдар арасында тәжірибе мен ақпарат алмасу үшін келісімшарттар жасалып, наурыз айында даниялық мамандар Көкшетауға келмекші.
Кездесуде халық қалаулысы Жәмила Нұрманбетова жаңа заң жобаларына, мұғалім мәртебесіне және жастарға қолдау көрсетуге назар аударды. Сырттай оқу бөлімінің деканы Марат Өтегенов бір мұғалімге жүктемені төмендету және мұғалімдерді оқыту мерзімін қысқарту мәселесін көтерді. Оның пікірінше, бес жылдық оқытудың орнына төрт жыл жеткілікті. Ал, медицина факультетінің деканы Светлана Мұратбекованы
болашақ дәрігерлерді мақсатты бөлу мәселесіне қатысты ой-пікірлерін айтты.
Депутаттармен болған кездесуде мамандықтар туралы, әсіресе, нанотехнологтардың жұмысқа орналасуы қиынға түсетіні, сонымен қатар, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің жетіспеушілігі сөз болды. Тіпті, солтүстік өңірде 38 бос қызмет орны бар, ал осы профильдегі мұғалімдер үшін оңтүстік өңірлерден сұраныс барлық өтініштерден асып түседі. Бұл мамандықты гранттарға қатысу үшін мемлекеттік тапсырысқа қосу туралы ұсыныс енгізілді. Көкшетауда «Серпін» бағдарламасы бойынша келгендер де осы мүмкіндікті пайдалана алады. Сондай-ақ, облыста психологтар мен мектепке дейінгі білім мамандары да жетіспейтіні айтылды.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» фракциясының мүшелері Жексенбай Дүйсебаев, Жәмила Нұрманбетова, Айгүл Нұркина мен Айзада Құрманова жұмыс сапарымен Шортанды ауданындағы А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының жұмысымен танысып, аудандағы білім ошақтарының жоғары сынып оқушыларымен кездесті.

Жастар мен жиналған ұжым алдында сөз алған халық қалаулысы Жәмила Нұрманбетова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жастар жылы» шеңберінде қолға алынып жатқан ауқымды бастамалары жайында кеңінен таратып айтып берді. Осы орайда, еліміздің табысты дамуындағы жастардың маңызды рөлі де атап көрсетілді.
–Біздің орталықта жас ғалымдар мен қызметкерлерге көп көңіл бөлінеді. Олардың болашағынан да көп үміт күтеміз. Қазіргі кезде жас ғалымдар Израиль, Дания және алыс-жақын шетелдерде білімдерін жетілдіріп, кәсібилік жағынан тәжірибе жинақтап жатыр,– деп ой бөлісті А.Бараев атындағы ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры Кенже Абдуллаев.
–Өткен жыл өнімділікті арттыру тұрғысынан келгенде ғылыми-өндірістік орталық үшін айтарлықтай табысты жыл болды. Қазіргі күні бұл мәселе өте өзекті. Орталық зертханасының жас ғалымдары «Дамсинская-2017» қатты бидай сорты егілген алқабының әр гектарынан 46,5 центнер өнім алды. Бұл жас мамандарға көрсетілген сенімнің ақталғандығы деп айтуға әбден болады,–дейді орталықтың қатты бидай селекциясы зертханасының меңгерушісі Руслан Жылқыбаев.
Жаңа сортты зерттеу жұмыстары 2015 жылдан жүргізілген. Бір айта кетерлігі, бұл сорттың ерекшелігі басым. Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі қатал табиғатта өсіруге барынша қолайлы әрі құрғақшылыққа төзімді. Өткен жылы жаңа тұқым Солтүстік Қазақстан облысында да жүргізіліп, гектарына 46,3 центнер өнім берген.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *